Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сарапшылар түрлі елдегі баспана бағасын салыстырды: Қазақстан нешінші орында

Жарияланған күні:

Үйдің моделі
Үйдің моделі. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстанда қала орталығындағы баспананың бір шаршы метрі орта есеппен 1,5 мың доллар тұрады. Әлемнің басқа елдеріндегі пәтерлердің бағасы туралы KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
"7-20-25" ипотекалық бағдарламасына өзгерістер енгізілді

Соңғы бір жылда Қазақстанның бастапқы тұрғын үй нарығында шаршы метрдің құны шамамен 1,3 пайызға өссе, қайталама нарықта, керісінше, 2,3 пайызға төмендеді. Жалпы алғанда, көптеген азаматтар үшін қазіргі бағамен пәтер сатып алу тым қиын екенін атап өтуге болады.

Дегенмен әлемдік стандарттар бойынша Қазақстанда баға тым жоғары деп айтуға болмайды.

Finprom порталы атап өткендей, 19 сәуірдегі жағдай бойынша қала орталығындағы пәтерлердің бір шаршы метрі орта есеппен 1,5 мың доллар, ал орталықтан тыс жерде бір шаршы метрі 1 мың доллар тұрады.

19 сәуірдегі бағам бойынша шаршы метрдің орташа құны орталықта 657 320 теңгені, ал шет жақтарда 454 290 теңгені құрады.

Бірінші жағдайда Қазақстан пәтерлердің қымбаттығы бойынша рейтингке енген 96 елдің ішінде 75-орында, ал екіншісінде 72-орында тұр. Әлемдегі ең қымбат пәтерлер Гонконгта – орталықта шамамен 29,01 мың долларға, ал орталықтан тыс жерде шамамен 18,6 мың долларға сатылады.

Айта кетейік, Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында (ТМД) ең жоғары бағаға ие болған жоқ. Осылайша, Арменияда орталықтағы баспана шамамен 3,1 мың доллар, ал шетінде 1,5 мың доллар тұрады.

Ресейде орталықта орташа баға бір шаршы метр үшін 2,2 мың доллар, ал орталықтан тыс жерде 1,4 мың доллар. Беларусьте шаршы метр бірінші жағдайда 1,6 мың доллар, ал екіншісінде 1,1 мың доллар тұрады.

Пәтерлер Қазақстанға қарағанда Өзбекстан мен Украинада арзанырақ: қала орталықтарында 1,2 мың доллар және 1,4 мың доллар, ал шет жақтарда 676,8 доллар және 905 доллар.

Әлемнің түрлі елдеріндегі тұрғын үй бағасы
Әлемнің түрлі елдеріндегі тұрғын үй бағасы. Инфографика: finprom.kz

Сарапшылар сондай-ақ Алматы мен Астанадағы баспана бағасын әлемнің басқа астаналарымен салыстырды. Атап айтқанда, Алматы қала орталығындағы бір шаршы метрдің орташа құны 2 мың долларды құрайтын 303 қаланың ішінде рейтингте 236-орынға тұрақтады.

Алматының орталығындағы пәтер орташа есеппен ТМД-ға мүше елдердің көптеген астаналарымен салыстырғанда қымбатқа түседі: Минск (248-орын), Баку (254-орын), Кишинев (271-орын), Ташкент (275-орын) және Бішкек (292-орын).

Сондай-ақ Қазақстанның ең ірі мегаполисі баға бойынша Астананы басып озды (287-орын), мұнда орталықтағы пәтердің орташа бағасы шаршы метріне 1,2 мың долларды құрайды.

Қалалардың шет жағында орналасқан пәтерлер айтарлықтай арзанырақ. Алматыда (217-орын) бір шаршы метрдің орташа бағасы 1,4 мың долларды, ал Астанада (274-орын) 821 долларды құрайды.

Әлемнің түрлі елдеріндегі тұрғын үй бағасы
Әлемнің түрлі елдеріндегі тұрғын үй бағасы. Инфографика : finprom.kz

Жалпы алғанда, бір шаршы метрдің бағасы ғана емес, сондай-ақ тұрғындардың жалақысының мөлшері де маңызды екенін есте ұстаған жөн.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2093243-sarapshylar-turli-eldegi-baspana-bagasyn-salystyrdy-qazaqstan-neshinshi-orynda/