Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2024 жылы жеке кәсіпкерлік ашқан қазақстандықтар декларация тапсыруы керек пе

Жарияланған күні:

Читать на русском
Декларация құжаттары
Декларация құжаттары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

2024 жылы жеке кәсіпкерлер Қазақстанда алғаш рет жалпы декларация тапсыруға қатысып жатыр. Бірақ бұл талап тек биыл ғана жеке кәсіпкерлік ашқандарға қатысты емес. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыз.

Биыл қаңтар және ақпан айларында Қазақстанда 140 мыңнан астам жаңа жеке кәсіпкер (ЖК) тіркелді. Оларда жалпыға бірдей декларацияға қатысу қажет пе деген сұрақтар туындауы мүмкін.

Еске сала кетейік, 2024 жылы жеке кәсіпкерлер, заңды тұлға басшылары, сондай-ақ олардың жұбайлары 250-нысан бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынуға тиіс.

Дегенмен барлық кәсіпкер 2024 жылы декларация тапсыруға міндетті емес екенін ескерген жөн. Uchet.kz порталының мамандарының сөзінше, декларацияны 2024 жылға дейін жеке кәсіпкерлік ашқандар тапсырды.

Өйткені декларация өткен жылға, яғни 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі уақыт бойынша ұсынылуы керек. Егер сол кезде қазақстандық азаматтың жеке кәсіпкерлігі болмаса, онда ол биылғы жылы жалпы декларацияға қатысуға міндеттелмейді.

Сонымен қатар 2023 жылдың соңына дейін бизнесін жапқандар да биыл жалпы декларацияға қатыспайды.

Дегенмен 2025 жылдан бастап бұл жүйеге барлық кәмелетке толған қазақстандықтар енетінін және жеке кәсіпкердің бір жыл бұрын тіркелген-тіркелмегені маңызды болмайтынын айта кеткен жөн. Нәтижесінде декларациялау жүйесі шамамен 13 миллион адамды қамтиды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2095955-2024-zhyly-zheke-kasip-ashqan-qazaqstandyqtar-deklaratsiia-tapsyruy-kerek-pe/