Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бизнесті дамытуға мемлекеттен 1,5 миллион теңгені қазақстандықтарға қалай алуға болады

Жарияланған күні:

Ақша толы конверт ұстап тұрған адам
Конверттегі ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

20 мамырдан бастап Қазақстанда кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттен 1,5 миллион теңге грант алуға өтінім қабылданады. Ақшаны қандай шарттармен алуға болатынын KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.

Өз ісін ашуға бел буған қазақстандықтар мемлекеттен 400 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), яғни 2024 жылы 1 476 800 теңге көлемінде грант ала алады. Оның үстіне бұл ақша қайтарымсыз негізде беріледі.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде хабарлағандай, бірінші лекте жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттарға өтінімдер 20 мамырда "Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау порталында" басталады.

Өтінім беру үшін қажет:

  • порталда тіркелу;
  • грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту;
  • бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу;
  • өтінім нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою.

Интернетке немесе компьютерге қолжетімділік болмаған жағдайда, мансап орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында өтінім беруге болады.

Мемлекеттен мұндай грантты кез келген кәсіпкер ала алмайды. Біріншіден, үміткердің "Бастау Бизнес" жобасымен кәсіпкерлік негіздерін оқығанын дәлелдейтін және мерзімі 3 жылдан аспайтын сертификаты болуы керек.

Екіншіден, жобаға "жұмыссыз" ресми мәртебесі бар азаматтар немесе тіркеу мерзімі үш жылдан аспайтын жеке кәсіпкерлерге ғана қатысуға болады.

Үшіншіден, үміткерлер төмендегі әлеуметтік санаттардың бірінен болу керек:

  • мүгедектігі бар адамдар;
  • қолданыстағы "қандас" мәртебесі бар адамдар;
  • өңіраралық қоныс аударушылар
  •   аз қамтылған отбасы мүшелері;
  • көпбалалы отбасы мүшесі (жұбайы / зайыбы);
  • мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адам (жұбайы / зайыбы);
  • асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар.

Гранттар конкурс шеңберінде беріледі. Үміткерлер өз бизнес-жобасын комиссия отырыстарында таныстырады. Бұл ретте комиссияның әрбір мүшесі бизнес-жоспарды бағалайды және бағалау парағын мынадай өлшемшарттар бойынша толтырады: бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігі, өткізу нарықтарының пысықталуы, бизнес-жобаның қаржылық өміршеңдігі, кәсіпкерлік дағдылардың деңгейі, жаңа жұмыс орындарын құру.

Осылайша, грант беру туралы шешім комиссиялық түрде және үміткерлердің бизнес-жобаларының пысықталуын бағалаудың нақты өлшемшарттары негізінде қабылданады.

Комиссия шешімі үміткердің Порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі. Комиссияның оң шешімі болған жағдайда үміткер банк деректемелерін ұсынады, шартқа қол қояды және одан әрі тоқсан сайын қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп береді. Мұның бәрі Еңбек мобильділігі орталықтары мен оның филиалдарына (мансап орталықтарына) бармай-ақ, электрондық форматта жасалады.

Грантты қажетті құрал-саймандарды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, малдарды, жануарларды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды сатып алуға, орын-жайларды жалға алу ақысын төлеуге алуға болады.

Ал тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдер өндіруге берілмейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2098628-biznesti-damytuga-memleketten-1-5-million-tenggeni-qazaqstandyqtarga-qalai-aluga-bolady/