Қазақстандықтар университетке қарағанда балабақшаға көп ақша жұмсайды
Жарияланған күні:
Қазақстандықтардың білім беру қызметіне жұмсаған шығыны бір жылда 29,1 пайызға өсті. Олардың көпшілігі балабақша ақысын төлеуге жұмсалса, ал тең жартысы жоғары оқу орындарының шығындарын жабады. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.
Тауарлар мен қызметтер бағасының өсуімен қатар қазақстандықтардың шығындары да артып келеді. Әсіресе азаматтардың білім беруге жұмсайтын қаржысының артуы байқалады.
Ranking.kz порталының мәліметінше, 2023 жылы шығындар 29,1 пайызға: бір отбасына орта есеппен 60,9 мыңнан 78,6 мың теңгеге дейін өскен. Бұл ретте қалаларда бұл сома жоғары – 88,8 мың теңге, ал ауылдарда төмен – 56,8 мың теңге.
Бұл елдегі үй шаруашылықтары арасындағы орташа көрсеткіш екенін айта кеткен жөн. Себебі сарапшылар іріктеу зерттеулерді еліміздің барлық ірі қалалары мен аймақтарында жүргізеді. Сауалнамаға 12 мыңға жуық отбасы қатысты, алынған нәтиже жалпы үй шаруашылықтарына қолданылады.
Басқаша айтқанда, қазақстандық отбасылардың білім алуға жұмсайтын нақты сомасы бала санына, олардың жасына, оқу мәртебесіне және басқа да факторларға байланысты өзгеріп отырады. Дегенмен азаматтардың шығындары айтарлықтай өскен.
Білім беру шығындары неден тұрады
Қазақстандық отбасылар балабақша қызметтеріне ең көп төлем жасады – жылына орта есеппен 24,5 мың теңге (шығындардың 31,1 пайызы).
Одан кейін әртүрлі мектеп шығындары жүреді: формаға тапсырыс беру, оқулықтар сатып алу, бастауыш және орта білім беру ақысы, бейресми шығындар жалпы соманың 22,9 пайызын құрайды. Ал үшінші орында – жоғары білім.
Бір қызығы, университеттегі оқу шығындарының үлесі небәрі 16,2 пайызды немесе жылына 12,7 мың теңгені құрайды.
Дегенмен орташа көрсеткіштерді есте ұстаған жөн. Шындығында, бұл қазақстандықтар балабақшаға жылына 24,5 мың теңге төлейді дегенді білдірмейді. Статистика әртүрлі отбасыларды, соның ішінде балалары жоқ отбасыларды да ескереді – олардың балабақша шығындары нөлге тең, бірақ олар орташа мәнді есептеу кезінде де ескеріледі.
Егер мектепке дейінгі білім беру қызметтерінің нақты бағасы туралы айтар болсақ, жекеменшік мектепке дейінгі мекемелерді субсидиялауды ескерген күннің өзінде кейде оқу бағасы айына 300 мың теңгеден асуы мүмкін.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2099582-qazaqstandyqtar-universitetke-qaraganda-balabaqshaga-kop-aqsha-zhumsaidy/