Қазақстанда тұрғын үйді жалға берушілер кірістерін декларациялауға міндетті ме
Жарияланған күні:
Жалдамалы пәтер иелері жеке табыс салығын (ЖТС) төлеуге міндетті. Бұл ретте, тіпті ЖК мәртебесі жоқ адамдар да өз кірістерін декларациялауы тиіс. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.
Үй иесі оны жалға беру арқылы ақша табуды шешкенде, мұның ресми түрде жасалуы керек екенін есте ұстауы керек. Бұл міндетті түрде жеке кәсіпкер (ЖК) болу керек дегенді білдірмейді, бірақ салық төлеуге тура келеді. Олай болмаған жағдайда үй иесі айыппұл төлеуі мүмкін.
Мемлекеттік кірістер комитетінде айтылғандай, жалға берушілер жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, арнайы ұялы қосымшаның көмегімен жаңа арнайы салық режимін қолдана алады. Бұл жағдайда салық есептілігін тапсырудың қажеті жоқ, ал жеке табыс салығының мөлшері тек 1 пайызды құрайды.
ЖК ашуды жоспарламайтын тұрғын үй иелері үшін ЖТС мөлшері 10 пайызды құрайды. Сонымен қатар олар 240-нысандағы жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсыруы керек.
Егер сол есепті жылы жалға берушіге 270 нысаны бойынша кірістер мен мүліктер туралы декларация тапсыру қажет болса, онда ол тек сол жерде көрсетілуі керек.
Ал егер жеке тұлға пәтерді салық агентіне (жеке кәсіпкерге, заңды тұлғаға немесе жеке практикамен айналысатын тұлғаға) тапсырса, онда ЖТС есептеуді, ұстап қалуды және бюджетке төлеуді салық агенті жалға беру табысынан 10 пайыз мөлшерлеме бойынша жүзеге асырады.
Айта кету керек, 2023 жылғы ЖТС бойынша декларацияны қазақстандық жалға берушілер тапсыруы тиіс еді, себебі есептілікті ұсыну мерзімі 31 наурызда аяқталды.
Алайда 2025 жылдан бастап жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне барлық қазақстандық кіреді және тұрғын үйді жалға беретіндерге бір емес, екі декларация ұсыну қажет болады: 250 нысаны бойынша активтер мен міндеттемелер туралы және 240 нысаны бойынша жеке табыс салығы бойынша.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2101211-qazaqstanda-turgyn-uidi-zhalga-berushiler-kiristerin-deklaratsiialauga-mindetti-me/