МАЭК басшылары 1,4 млрд теңгенің келісімшарты үшін қызметінен айырылды
Жарияланған күні:
Читать на русскомМаңғыстау облысының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу саласындағы талдау қорытындысы бойынша "МАЭК" ЖШС қызметінде заңбұзушылықтарды анықтады. Кәсіпорынға жалпы сомасы 1,4 млрд теңге көлемінде шығын келген, деп хабарлайды өңірлік қадағалау органына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Маңғыстау облысы прокуратурасының ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, кәсіпорын технологиялық ақау салдарынан ортақ көзден мемлекеттік сатып алу туралы "RTEX" ЖШС-мен тікелей келісімшарт жасасқан. Алайда жасалған келісімшарт негізсіз деп танылды.
"Аталған акт бекітілген Қағиданың талаптарын бұза отырып жасалған, яғни қағидаға сәйкес I және II дәрежелі ақауларды тексеру нәтижелері ресімделеді ("Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидалары" ҚР ЭМ 20.02.2015 жылғы №121 бұйрығы)", - делінген хабарламада.
Облыстық прокуратура баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ортақ көзден келісімшарт жасасуға негіз болатын апаттар анықталған жоқ.
Прокурорлық қадағалау актісі негізінде сот технологиялық ақау актісі мен мемлекеттік сатып алу туралы келісімшартты жарамсыз деп таныды.
Осылайша 1,4 млрд теңге көлеміндегі бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына жол берілген жоқ.
Кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылып, бірқатар басшы өз қызметтерінен босатылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2101559-maek-basshylary-1-4-mlrd-tenggening-kelisimsharty-ushin-qyzmetinen-aiyryldy/