Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақшаны қайтаруға уәде береді: Қазақстанда алаяқтар екі сатылы алдау схемасын қолдана бастады

Жарияланған күні:

Алаяқ
Алаяқ. Көрнекі сурет: Love portrait and love the world/Getty Images

Алаяқтардың тұзағына түсіп қалған қазақстандықтардың эмоцияға берілмеуі маңызды, себебі алаяқтар құрбанын екінші рет алдайтын жаңа схема ойлап тапты. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.

Алаяқтар жүздеген түрлі қылмыстық схеманы пайдаланып, Қазақстан азаматтарын алдайды. Мысалы, олар өздерін полиция қызметкері немесе банк қызметкері ретінде таныстырып, жәбірленушіге оған жалған несие берілгені туралы хабарлауы мүмкін.

Сондай-ақ бірнеше кезеңнен тұратын күрделі әдістер бар және процеске бірнеше алаяқ қатысады. Ал кейде қылмыскерлер құрбандарына екі рет шабуыл жасайды. StopFake порталының хабарлауынша, шабуылдаушылар мақсатына жетіп, жәбірленушіден ақша ұрлаған соң, олар "екінші әрекетке" кірісуі мүмкін.

Қылмыскерлер зардап шеккен адамға хабарласып, өздерін "халықаралық заңгер" деп таныстырады және оның қайғысын түсінетінін, оның жалғыз емес екенін айтып сендіреді. Әлемде дәл осы алаяқтардан алданғандардың көп екенін де тілге тиек етеді.

Осыдан кейін қылмыскерлер қазір халықаралық заңгерлер тобы қылмыскерлерді жазалау және алданғандарға ақшаны қайтару үшін топтық талап-арыз дайындап жатқанын хабарлайды. Дегенмен алаяқтар бұл қызметтің тегін болмайтынын түсіндіреді.

Осы сәтте әділдікті қалап, ашуға булығып отырған жәбірленуші аталған соманы ойланбастан төлеп, ұрланған заттың өзіне қайтарылуын үміттене күтеді. Бірақ онысы болмайды. "Халықаралық заңгерлер" ақшаны алып, тайып тұрады.

Телефон ұстаған қарт әйел
Телефон ұстаған қарт әйел. Көрнекі сурет: grinvalds/Getty

Жалған заңгерлердің тұзағына түсіп қалмау үшін қазақстандықтардың келесі белгілерге назар аударуы маңызды:

  • заңгерлер жәбірленушіні өздері тапты – нағыз адвокаттар мен заңгерлер біреудің бір жерде алаяқтардың құрбаны болғанын біле алмайды. Көмек алу үшін оларға хабарласу керек. Әрине, барлық шартты жеке кездесулер кезінде жасау керек, себебі онлайн нұсқасын оп-оңай жалған жасауға болады;
  • заңгер тек өзі ғана көмектесе алатынын мәлімдейді – мұндай мәлімдемелер алаңдаушылық тудыруы керек. Тіпті "халықаралық заңгерлер" "ұжымдық талап" дайындап жатса да, ешкім өз қызметін таңа алмайды. Азаматтардың тіпті ондаған адвокаттан да көмек сұрап, хабарласуына болады;
  • ойлануға уақыт бермейді – алаяқтар жәбірленушінің өзін тез қолға алып, бәрін түсініп қоймас үшін асықтыра бастайды. Олар қылмыскерлерді жазалау мүмкіндігі көп ұзамай болмай қалады және тез арада шешім қабылдау керек деп уәж айтуы мүмкін. Бұл алаяқтардың жұмыс істеп жатқанының белгісі болуы мүмкін.

Сондықтан қазақстандықтар алаяқтардың тұзағына түссе, белгісіз "заңгерлерден" көмек алуға асықпау керек. Себебі олар да алаяқ болуы мүмкін. Жағдайды дұрыс бағалап, сөйлесу кезінде осы белгілердің кем дегенде біреуі анықталса, сөйлесуді дереу тоқтату керек.

Еске сала кетейік, бұған дейін 2024 жылдың алғашқы үш айында ғана 12,6 мыңнан астам қазақстандық алаяқтардың құрбаны болғаны белгілі болған. Қылмыскерлер келтірген шығынның жалпы сомасы шамамен 93,7 млрд теңгені құрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2102264-aqshany-qaitaruga-uade-beredi-qazaqstanda-alaiaqtar-eki-satyly-aldau-shemasyn-qoldana-bastady/