Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алаяқтар төлқұжат деректерімен не істеуі мүмкін және олардан қалай қорғануға болады

Жарияланған күні:

Маска
Қолына маска ұстаған ер адам. Көрнекі сурет: freepik.com

Жыл сайын алаяқтар қылмыстарын жетілдіріліп келеді. Олардың қолына төлқұжат мәліметтері түссе, бұл жәбірленуші үшін ауыр зардаптарға әкеледі. Өзіңізді қылмыскерлерден қалай қорғауға болатынын KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.

Алаяқтарға төлқұжаттың болуы маңызды емес, тек деректері болса да жетіп жатыр. Олар бөтен тұлғаның төлқұжатын немесе өзге де құпия деректерін, сондай-ақ оның ЭЦҚ-сын пайдалана отырып, телефон немесе интернет арқылы оның атына несие алуы, заңсыз қызметпен айналысу үшін кәсіп ашуы, мүлкі мен ақшасын иемдену үшін азаматтық-құқықтық шарттар жасасуы, сондай-ақ бопсалауы мүмкін.

Несие рәсімдейді

Егер алаяқтар төлқұжат деректеріне қол жеткізіп, цифрлық қолтаңба деректерін ұрлап алса, олар осы төлқұжат иесінің атынан несие рәсімдеуі мүмкін. Бұған несие рәсімдеп отырған тұлғаның немқұрайлы болуы немесе оның қылмыскерге көмектесуі де себеп болуы мүмкін. Бірінші кредиттік бюро немесе онлайн несиелік есеп қызметі арқылы несие тарихыңызды үнемі тексеріп тұруыңыз керек. Егер сіз жалған несиені анықтасаңыз, дереу құқық қорғау органдарына және несие берген банкке хабарласуыңыз қажет.

Кәсіпорын тіркейді

Негізгі қауіп осындай кәсіпорынның қызметінде. Оның басқа біреудің құжаттарын пайдаланып, нақты кәсіппен айналысу үшін тіркелуі екіталай. Сірә, ол заңсыз операцияларды немесе жалған кәсіпкерлікті жүргізу үшін пайдаланылады. Ұрланған төлқұжат деректері мен ЭЦҚ-ны пайдаланып, жеке кәсіпкерлікті төлқұжат иесінің атына тіркеудің де салдары ауыр болмақ. Егер оны контрагенттермен алдау немесе жалған мәмілелер жасау үшін пайдаланса, төлқұжат иесі оны білмей-ақ қарызға кіріп кетуі мүмкін. Тағы бір қауіп салықтық қарыздың жиналуы болуы мүмкін, себебі қылмыскерлердің салықтық міндеттемелерді орындауы екіталай.

Жеке деректер қылмыскерлердің қолына түсіп кетуіне жол бермеу үшін оның маңыздылығын түсініп, оны үшінші тұлғалардан қорғау керек. Сондықтан құжаттардың фотосуретін ешқашан ешкімге жібермеңіздер, құжаттарды кепілдікке қалдырмаңыздар. Жұмыс үшін шұғыл қажет болса да, ЭСҚ құпиясөзін бөліспеген дұрыс. Интернетте мүмкіндігінше абай болған жөн: күмәнді сілтемелерді баспаңыз және жеке ақпарат жиналатын жарыстарға қатыспаңыз және т.б.

Азаматтық-құқықтық шарт жасасады

Басқа адамдардың төлқұжат деректерінің көмегімен алаяқтар азаматтық-құқықтық шарттың кез келген түрін жасай алады. Бұл жағдайда екінші тарап анық заңсыз мәміле жасау арқылы заңсыз әрекеттерге баруы, сондай-ақ расымен де құжаттардың ұрланғанын білмеуі мүмкін.

Мысалы, қылмыскерлер құжат иесінің атынан біреуге интернет арқылы затты сатуға уәде беріп, аванссұрап, растау ретінде ұрланған төлқұжат деректерін жіберуі мүмкін. Құжаттарды интернет-дүкен арқылы қымбат заттарды бөліп төлеуге де пайдалануға болады.

Ашулы ер адам
Бір бума қағаз ұстаған ашулы ер адам. Көрнекі сурет: freepik.com

Жалған аккаунт жасайды

Тағы бір қауіпті схема – ақша жинау үшін ұрланған төлқұжат деректерінің иесінің атына әлеуметтік желілерде аккаунт тіркеу. Жалған парақ шынайы болуы үшін төлқұжаттағы фотосуретті пайдаланулары мүмкін.

Мұндай парақша әдетте адамның атынан шұғыл ақша жинау туралы хабарлайды. Мысалы, бұл онкологиялық ауруларды емдеуге арналған жинақ болуы мүмкін. Төлқұжат деректері жеке басын растау үшін қажет, бұл шынымен де парақшаның иесі деп мәлімдейді. Жалған медициналық құжаттарды да бірге ұсынуы мүмкін.

Алаяқтар ешқандай жаңа аккаунт ашпай, қолданыстағы парақшаны бұзса, бұл одан да жаман. Мұндай жағдайда әлеуметтік желілердегі басқа пайдаланушыларға парақшаңыздың бұзылғаны жайлы айтып, ақша аудармау керектігін мүмкіндігінше тезірек хабарлауыңыз керек.

Мұндай алаяқтардың мақсаты төлқұжаттың шын иесімен ұзақ уақыт байланыспағандар болуы мүмкін (бұрынғы сыныптастары, әріптестері). Егер күмәніңіз болса, мәтіндік хабарламаларды жазбай, телефон шалуын немесе ең дұрысы – бейнеқоңыраумен хабарласуын сұраңыз.

Төлқұжат деректерін жоғалту, ұрлатып алу қайғылы салдарға әкелуі мүмкін. Алаяқтар атыңызға несие алуы немесе адамдарды алдап алуы мүмкін. Қылмыстың құрбаны болсаңыз, дереу құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2104698-alaiaqtar-tolquzhat-derekterimen-ne-isteui-mumkin-zhane-olardan-qalai-qorganuga-bolady/