Балаға ақшаны дұрыс ұстауды үйретудің әдіс-тәсілдері
Жарияланған күні:
Кейбір жағдайларда ересектердің өзінде жалақыдан ақша қалдырып қою дағдысының болмауы және жоспарланбаған сатып алудан өздерін тежей алмайтын жағдайлар кездеседі. Ал баланы қаржылық тәртіпке баулу - одан да күрделі міндет. Балаға ақшаны дұрыс басқаруды қалай үйретуге болатыны жайлы Fingramota.kz ата-аналарға бірнеше кеңес берді, деп хабарлайды Massaget.kz.
Бала оңай игеруі үшін білімді ойын түрінде ұсынуға болады. Мысалы, кәдімгі ақшаны таныстырудан бастаңыз. Банкноттардың көмегімен сіз олардың қайдан шыққанын және қалай жұмыс істейтінін түсіндіре аласыз. Балалар кез келген нәрсені сатып алу ата-ана еңбегінің нәтижесі екенін түсінуі керек.
Бір ойыншық сатып алу үшін сізге бірнеше сағат жұмыс істеу қажет екенін балаңызға түсіндіріңіз. Егер сіздің балаңыздың сұранысы "қымбат" болса, ол затты сатып алу үшін көбірек еңбектеніп, тіпті демалыс күні де жұмыс істеу қажет болатынын түсіндіру керек.
Бұл істе артық кетпеу және балада кінә сезімін тудырмау маңызды. Ата-анам күні бойы жұмыста болады және сол себепті маған уақыт бөле алмайды деп баланың өзін кінәлауына жол бермеңіз.
Бастауыш мектепте оқитын балаларға ақшаны қалай үнемдеуге және сол арқылы ақша жинауға болатыны туралы айтуға болады.
Бала ақша жинап, кейіннен оны ойыншықтар, кітаптар сатып алуға немесе сүйікті ойындары үшін ақы төлеуге жұмсай алатындай "үй банкін" жасаңыз. Үлкен жинақ сандықша сатып алыңыз да, баланы "банкир" етіп тағайындаңыз. "Банкті" қалта ақшадан қалдырып жинап отыратын бала да, ата-ана да толтыра алады. Мұндай тәсіл тапқан ақшаны жұмсап қана қоймай, сақтап, арттыруға болатынын түсінуге мүмкіндік береді.
Балаларға міндетті түрде кірісті бөлу қағидатын түсіндіріп отырыңыз, мұны үлгі ретінде көрсеткеніңіз жөн. Су, газ, жылу, азық-түліктер, киім және ойын-сауық – мұның барлығы тегін емес. Балаларға сіз еңбекақыңыздың қандай бөлігін отбасының қажеттіліктеріне, ал қандай бөлігін қалдыруға мүмкін болатынын айтып отырған маңызды.
Балаға таңдау жасауды үйретіңіз
Ол жинақталған ақшасын қайда жұмсағысы келетінін талқылаңыз. Үлкенірек балаға банк картасын ашуға болады. Кейбір банктерде балаларға арналған картаны 6 жастан бастап ашады. Сауда жасаған жағдайда шығыстарды бақылап отыру үшін және одан әрі банктік шоттардың немесе нақты шығыстары бар картаның үзінді көшірмелерімен салыстыру үшін чектерді жинау қажет екендігін де балаға түсіндіріп отыру қажет. Чектерді сақтау әдеті сауда жасаудың нақты есебін жүргізуге мүмкіндік береді және бюджетті тиімді құруға және қаржыны басқаруға ықпал етеді.
Балаға біртіндеп инвестициялар туралы айта бастаңыз. Өз ақшаңды бөтен адамға неліктен сеніп тапсыруға болмайтынын түсіндіріңіз. Өйткені баланың қолына ақша түскен кезде ол бірден алаяқтардың нысанына айналады.
Балаға күнделікті шығындарға қанша ақша беру керек?
Күнделікті шығындарға арналған ақша – бұл балаға өз қаражатын дұрыс басқаруды үйретудің ең жақсы тәсілі. Тіпті 5-7 жастағы баланың өзі өздігінен кішігірім сауда жасай алады, бұл болашақта оның ақшаға деген қарым-қатынасына оң ықпал ететін болады.
Есіңізде болсын, басты мақсат – балаға өз бюджетін сауатты әрі өз бетінше жүргізуді үйрету. Ұлыңыз немесе қызыңыздан олардың өз ақшаларын қалай жаратқаны туралы үнемі сұрап отырыңыз. Дұрыс шешімдері үшін мақтап қойыңыз және орынсыз жұмсалған ақша үшін оларды сынға алмаңыз, өйткені әрбір қателік – практикалық тұрғыдан үйренудің бір баспалдағы.
Баламен қаржы мәселесін талқылау отбасыңыздың әдетіне айналсын. Әрбір күннің немесе аптаның қорытындысын шығарыңыз – баланың қаржылық мақсаттары қандай, ол үшін оған қанша ақша керек, ол қанша ақша жаратын қойды, күнделікті шығындарға берілген ақша неге жетті.
Ағылшындарда мынада мақал бар: "Балаларды тәрбиелемеңіз – олар бәрібір сізге ұқсайтын болады. Өзіңізді тәрбиелеңіз". Мұнымен келіспеуге болмайды, себебі балалар расында көп жағдайда ата-аналарының іс-әрекеттеріне қайталайды.
Сондықтан басты кеңес – қаржылық тұрғыдан сауатты болыңыз. Егер сіз бюджетті жоспарлаудың қарапайым ережелерін білмейтін болсаңыз, сіздің балаларыңыз да ұзақ мерзімді жоспарлау дегенді түсінбеуі мүмкін. Ал егер сіздің отбасыңызда қаржылық тәртіп болатын болса, онда бала да болашақты сондай тәртіп орнатады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2104707-balaga-sauattylyq-qarzhylyqty-uiretuding-adis-tasilderi/