Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда алимент төлемегендер саны азайды: олармен қандай күрес жүргізіліп жатыр

Жарияланған күні:

Дауласу
Дауласу. Көрнекі сурет: freepik.com/yanalya

Қазақстанда алимент бойынша проблемалық қарыздар азайған. Төлемей жүрген азаматтармен күрес аясында көліктері тәркіленіп, олардың жасырын кірістері әшкере болды. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.

Алимент – отбасын материалдық қамтамасыз етудің бір түрі. Балаларын асырау үшін оны тек ер адамдар ғана төлемейді, дегенмен мұндай жағдай жиі кездеседі.

Шындығында, Қазақстанда алимент төлемейтіндерге үлкен проблема бар – көптеген азаматтар өз міндеттемелерінен әртүрлі жолдармен жалтарады. Мәселен, осыған дейін алимент төлемеу үшін анасының атынан жазып, өзін өлді деп жалған айтқан қазақстандықтың оқиғасы белгілі болды.

Жалпы, ҚР Әділет министрлігі мәлімдегендей, өткен жылы алимент өндіру бойынша 326 мың атқару парағы болса, оның 16 мыңнан астамы проблемалық деп танылған – олардың жалпы берешегі 20,6 млрд теңгені құраған.

Дегенмен жағдай бірте-бірте түзеліп, ағымдағы жылдың 1-тоқсанында проблемалық алимент саны 25 пайызға, ал қарыздың жалпы сомасы 31 пайызға азайған.

Ақша санап тұрған бала
Ақша санап тұрған бала. Көрнекі сурет: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

Борышкерлермен проблеманы қалай шешіп жатыр

Алимент төлемегендермен жұмыс жан-жақты жүргізіледі. Мысалы, қазір Әділет министрлігі борышкерлердің жалақысының төмендегенін анықтай алатын ақпараттық жүйені енгізіп жатыр.

Екінші жағынан, борышкерлерден, оның ішінде электронды әмияндарға, брокерлік шоттарға және әртүрлі төлем жүйелеріне "тамшылап" түсетін жасырын кірістерді анықтау бойынша прокуратурамен бірлескен жұмыстар жүргізілуде.

Ведомство қызметкерлері полицейлермен бірігіп, рейдте жүргізеді. Аталған рейдтер нәтижесінде 421 көлік арнайы тұраққа қойылып, 300 миллион теңгеге жуық қаржы өндірілді.

Еске салайық, бұған дейін 15 мыңға жуық қазақстандыққа алимент қарызына байланысты елден шығуға тыйым салынғаны белгілі болған.

Бір қызығы, борышкерлер ғана емес, берешекті өндіріп алу кезінде түрлі заңбұзушылықтарға жол берген жеке сот орындаушылар да Әділет министрлігі қызметкерлерінің назарына ілікті. Соның салдарынан биылдың өзінде төрт жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды.

Бұған дейін Қазақстанда проблемалық қарыздармен күресуге арнайы мемлекеттік алимент қорын құру ұсынылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2105034-qazaqstanda-aliment-tolemegender-sany-azaidy-olarmen-qandai-kures-zhurgizilip-zhatyr/