Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы көп балалы отбасылар орта есеппен қанша төлемақы алады

Жарияланған күні:

Анасын құшақтап тұрған қыз
Анасын құшақтап тұрған қыз. Көрнекі сурет: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

Көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы бала санына байланысты. Бірақ егер төлемдердің жалпы сомасын алушылардың санымен салыстыратын болсақ, онда орташа есеппен бір отбасына 67,4 мың теңгеден келеді. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалында.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2024 жылдың басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 579,8 мың отбасы жалпы сомасы 156,2 млрд теңге мөлшерінде қамтылды, оның ішінде сәуір айында 587,2 мың отбасыға 39,6 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді.

Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Төлемдердің жалпы сомасын жәрдемақы алушылардың санымен салыстыратын болсақ, сәуір айында әр көп балалы отбасына орта есеппен 67 439 теңгеден түскені белгілі болды. Дегенмен бұл жалпылау есептеу – көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері отбасындағы балалардың санына және айлық есептік көрсеткішке (АЕК) байланысты екенін есте ұстаған жөн.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2024 жылы төмендегідей болды:

  • 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 59 183 теңге;
  • 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 73 988 теңге;
  • 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 88 793 теңге;
  • 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 103 598 теңге;
  • 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 14 768 теңге мөлшерінде төленеді.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 7 пайызға артқан.

Биыл көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 474,8 млрд теңге қарастырылып отыр.

Айта кетерлігі, Қазақстанда көп балалы отбасылар ғана емес, кез келген балалы азаматтар да үкімет қолдауына сене алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2105169-qazaqstandagy-kop-balaly-otbasylar-orta-eseppen-qansha-tolemaqy-alady/