Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресей аумағындағы қазақстандықтар үшін роуминг арзандауы мүмкін

Жарияланған күні:

Төлқұжат және ұшақ
Төлқұжат және ұшақ. Көрнекі сурет: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше елдер роумингтегі қоңырау шалу тарифтерін төмендету мүмкіндігін қарастыруда. Бұл салада қандай жұмыстар атқарылып жатқанын KAZ.NUR.KZ анықтап көрді.

Байланыс қызметінің құны мен сапасы көптеген қазақстандықты алаңдатады және бұл тақырып үнемі ел аузында. Мәселен, жақында елімізде байланыс бағасы рекордтық деңгейге көтерілгені белгілі болды.

Дегенмен кейде, мысалы, елден шыққанда, бірде-бір қазақстандық оператор істемей қалатын кезде, қоңырау шалу құны бұдан да жоғары болуы мүмкін.

Бұл жағдайда қазақстандықтар роуминг қоса алады, бұл оларға жергілікті байланыс операторларымен келісім жасамай, оны бірдей пайдалануға мүмкіндік береді. Дегенмен ол үшін төлеуге тура келеді, әдетте мұндай қызметтердің құны стандартты тарифтерден әлдеқайда жоғары болады.

Бірақ Еуразиялық экономикалық одақ мұны өзгертуді жоспарлап отыр. Қазір, ҚР Сауда және интеграция министрлігі хабарлағандай, ЕАЭО-ға мүше елдер халықаралық роумингте ұялы байланыс қызметтеріне әділ тарифтерді белгілеу мүмкіндігін талқылауда.

Одаққа кіретін бес елде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер аумағында халықаралық роумингте ұялы байланыс қызметтеріне қоңырау шалу тарифтері мен оператор аралық тарифтерді төмендету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Смартфон ұстаған қыз
Смартфон ұстаған қыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Бұл шаралар тек тарифтерді төмендетумен ғана шектелмейді. Одақ елдерінде халықаралық трафикті өткізу кезінде телекоммуникация желілеріндегі алаяқтықпен күресуге ерекше көңіл бөліне бастады.

Ол үшін отандық қауіпсіздік жүйелерін қолдану және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің электр байланысы операторлары арасында жедел ақпарат алмасуды жүзеге асыру ұсынылады.

Ал жекелеген жағдайларда операторлардың нөмірлік сыйымдылықтарын өзара тексеру, дауыстық трафикті онлайн верификациялауды жүргізу, тестілік қоңыраулар санын ұлғайту және алаяқтық жағдайларына бірлескен тергеу жүргізу жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ЕАЭО елдерінде роуминг толығымен жойылуы мүмкін деген ақпарат та болған еді. Бірақ бұған жету үшін тарификациялау, лицензиялау, тіпті заңнама саласындағы көптеген мәселелерді шешу қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2105349-resei-aumagyndagy-qazaqstandyqtar-ushin-rouming-arzandauy-mumkin/