Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда қанша адамның проблемалық несиесі бар

Жарияланған күні:

Ақша
Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов сенат кулуарында қанша қазақстандықтың проблемалық несиесі бар екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Тұтыну несиелерінің жалпы сомасы – 14,2 триллион теңге. Оның ішінде мерзімі өткен 90+ (күндері – ред. ескертпесі) несиелердің үлесі 1,6 триллион теңгеге немесе 12 пайызға тең.

Тұтыну несиесін алған қарыз алушылардың саны 8,4 млн адамға жеткен. Несие мерзімі 90 күннен асып кеткен қарыз алушылардың саны – 1,5 миллион адам", - дейді Олжас Қизатов.

Айта кетейік, сондай-ақ бүгін Агенттік өкілі заңды некедегі қазақстандықтар 1000 АЕК көлемінен асатын қарыз алатын болса, жұбайының келісімі талап етілетінін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2105778-r-qazaqstanda-qansha-adamnyng-problemalyq-nesiesi-bar/