Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сарапшылар базалық мөлшерлеме бойынша болжамын жариялады

Жарияланған күні:

Ұлттық банк
Ұлттық банк ғимараты. Фото: Ұлттық банктің баспасөз қызметі

Қазақстан Ұлттық банкі сарапшылары макроэкономикалық сауалнама жүргізіп, соның нәтижесінде инфляция, ЖІӨ және базалық мөлшерлеме бойынша болжамдарын жария етті. Бұл туралы орталық банктің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ұлттық банк сарапшылар қауымдастығы арасында жүргізілген кезекті макроэкономикалық сауалнаманың нәтижесін жариялады.

Сауалнаманың негізгі параметрлері Brent маркалы мұнайдың бағасы, Қазақстан экономикасының өсуі, инфляция, базалық мөлшерлеме, тауарлар мен қызметтердің экспорты мен импорты, сондай-ақ ұлттық валюта бағамы болған.

Мамырда мұнай бағасы бойынша сценарий шарттары елеулі өзгерістерге ұшыраған жоқ. Респонденттер 2024 жылы Brent маркалы мұнайдың бағасы орташа есеппен барреліне 83,3 доллар деңгейінде қалыптасады (бұрынғы бағам – 81,0 АҚШ долл.) болжаған. 2025 және 2026 жылдарғы болжамдар 80,0 доллар деңгейінде сақталып отыр.

Сарапшылардың 2024 және 2026 жылдарға Қазақстан экономикасы бойынша болжамдары 4,3 пайыз және 4,5 пайызға дейін қайта қаралған. 2025 жылы бұрынғыдай 5,0 пайыз деңгейінде өсім болады деп күтіліп отыр.

2024 – 2025 жылдарға инфляция болжамдары алдыңғы сауалнама нәтижелерінен аса ерекшеленбей, 8,5 пайыз және 6,8 пайыз болды. Алдынғысына сәйкес – 8,4 пайыз және 7,0 пайыз. 2026 жылы респонденттер инфляцияны 5 пайыз мақсатпен салыстырғанда 6,0 пайыз деңгейінде болады деп болжап отыр.

2024 жылғы базалық мөлшерлеме бойынша болжам өзгермеген (жылына орта есеппен 14 пайыз). 2025 жылға болжамдар сәуірдегі болжамдармен салыстырғанда төмен, яғни 10,9 пайыз деңгейінде құралған (бұрынғысы – 11,2 пайыз), 2026 жылғы күтулер – 9,2 пайыз деңгейінде қалыптасты (бұрынғысы – 9,8 пайыз).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2106048-sarapshylar-bazalyq-molsherleme-boiynsha-bolzhamyn-zhariialady/