Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда кейбір депозиттен түсетін пайда төмендеді

Жарияланған күні:

Ақша
Ақша. Көрнекі сурет: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мамыр айында кейбір екінші деңгейлі банктер депозиттерінің пайыздық мөлшерлемесін төмендетті. Соның салдарынан мерзімді емес депозиттер бойынша орташа мөлшерлеме 14,3 пайызға дейін төмендеді. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқып-біліңіздер.

Банк салымының негізгі міндеті – жинақтарды сақтау және көбейту. Дегенмен соңғы айларда кейбір банктер депозиттерінің пайыздық мөлшерлемесін біртіндеп төмендете бастады.

Бұл үрдіс мамыр айында да жалғасын тапты. Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорының деректері бойынша 9 депозиттік өнім бойынша пайыздық мөлшерлеме төмендеді:

  1. мерзімді емес салымдар бойынша – бір банк мөлшерлемені 0,5 пайыздық тармаққа (п.т.) төмендетті;
  2. толықтырылатын мерзімді салымдар бойынша – бір банк депозит мерзіміне қарай мөлшерлемені 0,9-1 пайыздық тармаққа төмендетті;
  3. толықтырылатын жинақ салымдары бойынша – төрт банк депозит мерзіміне қарай мөлшерлемені 0,5-3 пайыздық тармаққа төмендетті;
  4. толықтырылмайтын жинақ салымдары бойынша – үш банк депозит мерзіміне қарай мөлшерлемені 0,3-0,4 пайыздық тармаққа төмендетті.

Бұл төмендеу депозиттер бойынша орташа нарықтық пайыздық мөлшерлемеге белгілі бір әсер етті. Мысалы ең танымал мерзімді емес депозиттер бойынша орташа мөлшерлеме сәуірдегі 14,4 пайыздан мамырдағы 14,3 пайызға дейін төмендеді.

Дегенмен кейбір банктер пайыздарды арттыруды жалғастырды. Мысалы екі банк толықтырылмайтын жинақ салымдары бойынша сыйақы сомасын ұлғайтты. Енді 3 ай мерзімдегі депозит үшін максималды мөлшерлеме 18 пайыз.

Жалпы алғанда, мөлшерлемелердің төмендеуіне қарамастан, депозиттік өнімдердің көбісі елдегі инфляциядан (8,7 пайыз) асып түсетін кіріс әкелетінін ескеру қажет. Мысалы Қазақстанның 14 ірі банкіндегі мерзімді емес депозиттер бойынша мөлшерлеме 13,6 пайыздан 15 пайызға дейін ауытқиды.

Төрт банкте ғана ұсынылған мерзімді депозиттер 7 пайыздан 16,1 пайызға дейін, ауытқиды, ал жинақтар бойынша – тоғыз банкте 5,1 пайыздан 18 пайызға дейін.

Айта кетерлігі, депозит ашуды жоспарлаған қазақстандықтардың сыйақы көлеміне ғана емес, банктің қаржылық тұрақтылығына да мән беруі маңызды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2106474-qazaqstanda-keibir-depozitten-tusetin-paida-tomendedi/