Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда автокөлік қашан арзандайды: министрлік жауап берді

Жарияланған күні:

Көлік кілті және ақша
Көлік кілті және ақша. Көрнекі сурет: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

Сенат отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қазақстандағы автокөлік өндірісіне тоқталып, елімізде автокөліктің арзандайтын уақытын атады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Министр Қанат Шарлапаев Қазақстан автомобиль өндірісін кезең-кезеңімен арттыратынын айтты.

"Биылғы мақсат – шағын тораптарды құрастыруда 20 пайызға, 2025 жылы – 30 пайызға, 2026 жылы шағын тораптармен құрастырылатын автомобильдердің 50 пайызына жету.

Қазіргі уақытта жалпы қуаттылығы жылына 160 мың автокөлік шығаратын екі зауыт салынып жатыр. Бірінші зауыт жылына үш қытайлық мультибрендті 90 мың автокөлік шығарады", - деді министр.

Шарлапаевтан бұл Қазақстандағы көліктердің бағасына қалай әсер етеді деген сұрақ қойылды.

"Әрине, бес жылдан кейін автомобиль нарығындағы бағаның қалай қалыптасатыны туралы нақты болжам жоқ.

Бес жылдан кейін не болатынын болжау қиын, себебі екі күннен кейін не болатынын білмейміз. Бірақ біз экономика мен ауқымды ескере отырып, жеткілікті мөлшерде көлік шығара бастағанда, әрине, баға төмендейді", - деді Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қазақстандықтар автосалоннан жаңа автомобильдер сатып ала бастағанын хабарлаған болатынбыз. Осы жылдың наурыз айында ғана Қазақстан тұрғындары 15 928 су жаңа автокөлік сатып алды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16,4 пайызға көп.

Сонымен қатар 2023 жылдың басында Қостанай облысына жұмыс сапары аясында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Allur автомобиль зауытына барып, Қостанайда Kia Sportage автомобиль өндірісін іске қосты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2106582-qazaqstanda-avtokolik-qashan-arzandaidy-ministrlik-zhauap-berdi/