Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар: Бағаның өсуіне байланысты фастфуд АҚШ тұрғындарына "арманға" айналды

Жарияланған күні:

Бургер және фри
Бургер және фри. Көрнекі фото: pexels.com

Тұтынушылардың әдеттерін қарастырған жаңа зерттеу АҚШ-та фаст-фудтың қымбаттағаны сонша, кейбір отбасылар үшін "арманға" айналғанын көрсетті. Бұл туралы Quartz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

LendingTree қаржылық қызметтерді зерттеу платформасы жүргізген сауалнамаға сәйкес, фаст-фуд бағасының өскені сонша, кейбіреулер үшін бұл тамақ түрі арзан болудан қалды. Қазір кейбір отбасылар фаст-фудты жиі жеуге келмейтін қымбат тағамдар қатарына қосты.

LendingTree мәліметтері бойынша, бұл, ең алдымен, тұтынушыларды шығын әдеттерін өзгертуге мәжбүр еткен өршіп тұрған инфляцияға байланысты.

"Көптеген америкалық сүйікті гамбургерін, буррито немесе ащы тауық етінен жасалған бутербродтар алуды азайтты. Фаст-фудқа деген көзқарас өзгеруде", - делінген платформа мәлімдемесінде.

Екі мың америкалық қатысқан сауалнамаға сәйкес, қазір тұтынушылардың 78 пайызы фаст-фудты қолжетімсіз деп санайды, өйткені бағасы тым өсіп кеткен. Сондай-ақ респонденттердің жартысы фаст-фудты қымбат деп санайтындарын, себебі олар қаржылық қиындықтарға тап болғандарын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2107473-galymdar-baganyng-osuine-bailanysty-fastfud-aqsh-turgyndaryna-armanga-ainaldy/