Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанға шетелдік жұмыскерлер көбіне қай елдерден келген

Жарияланған күні:

Жұмыскерлер
Жұмыскерлер. Көрнекі сурет: yongyuan/Getty Images

Қазір Қазақстанда ресми түрде 13,7 мыңнан астам шетелдік жұмыс істейді. Олардың үштен біріне жуығы Қытайдан келген. KAZ.NUR.KZ тілшілері еңбек мигранттарының жайын білді.

Қазақстанда тек жергілікті тұрғындар ғана емес, басқа елдердің азаматтары да жұмыс істейді. Сондай-ақ заңды жұмысқа орналасу үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде түсіндіргендей, шетелдіктер рұқсат алуы қажет.

Еңбек мигранттарының Қазақстан азаматтарынан жұмыс орындарын тартып алуына және елдегі жұмыссыздық деңгейін арттыруға жол бермеу үшін департамент жыл сайын республикаға шетелдік мамандарды тартуға квота бөледі. Ол 2024 жылы елдегі жұмыс күшіне қатысты 0,23 пайыз деңгейінде белгіленді, яғни 22 мың орын ғана қарастырылған.

Бұл ретте 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 13 733 орын бөлінді:

  • басшылар мен олардың орынбасарлары – 564;
  • құрылымдық бөлімшелердің басшылары – 2 599;
  • мамандар үшін – 5 592;
  • маусымдық жұмыстарға – 1 639;
  • корпоративтік ауыстыру аясында 2 790 адам.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 4 222 адам (30,7 пайыз), орман және балық шаруашылығы – 1 686 адам (12,2 пайыз), әкімшілік және көмекші қызметтер – 1 652 (12 пайыз), тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 276 адам (9,2 пайыз), өңдеу өнеркәсібі – 1 300 адам (9,4 пайыз), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 806 адам (5,8 пайыз).

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 4 059 адам (29,6 пайыз), Өзбекстан – 1 815 адам (13,2 пайыз), Үндістан – 1 192 адам (8,6 пайыз), Түркия – 1 068 адам (7,7 пайыз).

Айта кету керек, статистикаға Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің азаматтары, яғни Ресей, Беларусь, Армения және Қырғызстаннан келген жұмысшылар кірмейді. Оларға еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсат қажет емес, олар тек жұмыс берушімен еңбек шартын жасайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2107578-qazaqstanga-sheteldik-zhumyskerler-kobine-qai-elderden-kelgen/