Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қашағанда әзірлеушілердің үстінен 150 млрд долларға талап-арыз түсті: энергетика министрі пікір білдірді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Қашағандағы мұнай кен орны
Қашағандағы мұнай кен орны. Фото: kbv.kz

Энергетика министрі бүгін брифингте Қазақстандағы Қашаған мұнай кен орнын әзірлеушілердің үстінен келіп түскен талап-арызға қатысты пікір білдірді. Кен орнын игерушілерден 150 миллиард доллар көлемінде қаражат талап етіліп отыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Бұл – коммерциялық дау. Мәселе өнімді бөлу туралы келісімді жүзеге асыру бойынша келісімшарт бөлігінде республиканың құқықтарына қатысты. Барлық ақпарат құпия болып саналады. Мәмілеге келу, бекіту және сот шешімдерін жүзеге асыру процедуралары жүргізіліп жатыр", - деді Алмасадам Сәтқалиев.

Министрдің айтуынша, бұл дау жобаға қатысушылардың инвестициялық позицияларына еш әсер етпейді.

"Мәмілеге келу бойынша конфиденциалдық құпиямен шектелген тиісті процедуралар жүргізіліп жатыр. Сондықтан мен бұл мәселеге қатысты пікір білдіре алмаймын. Негізгі процедуралар бойынша барлық ақпарат ресми баспасөз қызметінің хабарламалары арқылы беріледі", - деп түйіндеді энергетика министрі.

Ресми сайтындағы мәлімет бойынша, Қашаған кен орны – осы күні ашылған ең ірі әрі күрделі кен орындарының бірі, ол су бетінде шамамен 75 х 45 километрге тең ауданды алып жатыр, 4,65 млрд тоннаға (36.6 млрд баррель) бағаланған геологиялық қоры бар бірыңғай көмірсутек кені.

Кен орынды игеру қиындығы коллектордың физикалық ерекшеліктерімен – жоғары қабат қысымы және қабатты флюидтегі күкіртті сутектің жоғары мөлшері, сондай-ақ кеннің географиялық орналасуымен шартталған – қыс уақытында мұз болып қалатын Каспий теңізінің таяз су қайраны.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2108148-qashaganda-azirleushilerding-ustinen-tusken-150-mlrd-dollarga-talap-aryz-tusti-energetika-ministri-pikir-bildirdi/