Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның ақылы жолдарында кімдер тегін жүре алады

Жарияланған күні:

Ақылы тасжол
Ақылы тасжол. Көрнекі сурет: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстандағы барлық жүргізуші бірдей ақылы жолдарды төлеуге міндетті емес. Арнайы көліктер, сондай-ақ кейбір автобустар мен автокөлік иелері бұл міндеттемеден босатылады. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.

Қазақстанда жүргізушілерден ақы алынатын жолдар бар. Дегенмен оны бәрі бірдей төлеуге міндетті емес. Себебі көліктердің кейбір санаттары бұл міндеттемеден босатылған.

"ҚазАвтоЖол" Ұлттық компаниясының ресми Telegram-арнасының хабарлауынша, бірінші кезекте ақылы жолдарды пайдаланғаны үшін төмендегі арнайы көліктер ақы төлеуден босатылады:

  • жедел медициналық жәрдем ұйымдарының;
  • апаттық-құтқару қызметтерінің;
  • құқық қорғау органдарының;
  • көліктік бақылау органдарының;
  • арнаулы мемлекеттік органдардың;
  • ҚР Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың;
  • жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолдарын (учаскелерін) күтіп-ұстауды және оларға техникалық қызмет көрсетуді тікелей жүзеге асыратын ұлттық оператордың;
  • ҚР заңнамасына сәйкес айқындалған, тиісті ақылы автомобиль жолында (учаскесінде) күтіп-ұстауды және техникалық қызмет көрсетуді тікелей жүзеге асыратын концессионердің арнаулы автокөлік құралдары;

Сондай-ақ мына көліктер жол жүру ақысынан босатылады:

  • кенттерді, ауылдарды аудан немесе облыс орталықтарымен, астанамен немесе республикалық маңызы бар қалалармен қосатын қатынастарда жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын автобустар;
  • ақылы автомобиль жолына іргелес аудандардың аталған әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген автобустары бір аудан шегінде жүріп-тұру үшін;
  • жүк автокөлік құралдары, өздігінен жүретін доңғалақты ауылшаруашылық, мелиорациялық машиналар таяу көлікке арналған айрықтары арасындағы жол кесінділері шегінде су тосқауылдары мен темір жолдарды кесіп өту үшін;
  • ақылы автомобиль жолына іргелес аудандардың жеке және заңды тұлғаларының аталған әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген жеңіл автомобильдері бір аудан шегінде жүріп-тұру үшін;
  • Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жеңіл автомобильдері босатылады.

Көрсетілген көлік құралдарының мемлекеттік нөмірлері жоғарыдағы санаттарға сәйкес мамандандырылған топтарға енгізіледі. Ақылы жолдардағы жол қозғалысы аркалардағы камераларға жазылып, жүйеде жол ақысы алынбайды.

Бұл жеңілдікті алу үшін жоғарыда аталған санаттардың өкілдері "ҚазАвтоЖол" ҰК» АҚ-ға көлік құралдарының мемлекеттік нөмірлерін, сондай-ақ автобустардың маршрут парақтарын қосып, ресми өтінім жіберу керек.

Қазақстан Республикасында жалпы ұзындығы 3221 шақырым болатын 17 ақылы учаске бар. Оның 11 учаскесі І техникалық санатта (2161 шақырым), ал 6 учаске (1060 шақырым) ІІ және ІІІ техникалық санатқа жатады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2108889-qazaqstannyng-aqyly-zholdarynda-kimder-tegin-zhure-alady/