Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

OpenAI бас директоры Сэм Альтман байлығының қомақты бөлігін қайырымдылыққа беруге уәде етті

Жарияланған күні:

Филантроп Сэм Альтман
Филантроп Сэм Альтман. Фото: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

OpenAI бас директоры Сэм Альтман ақшасының үлкен бөлігін қайырымдылыққа беруге уәде берген кезекті миллиардер болды. Бұл туралы Quartz басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"The Giving Pledge" ("Сыйға тарту анты") – Уоррен Баффет пен Билл Гейтс авторы болған филонтроптық шара.

2010 жылдың маусымында Баффет пен Гейтс байлықтарының қомақты бөлігін қайырымдылыққа беретіндерін мәлімдеген болатын. Сол уақытта 29 елден шыққан 241 ауқатты адам да бұл бастаманы қолдады. Осы жылдар ішінде бұл бастамаға жаңа миллиардерлер әлі де қосылып жатыр.

Енді жасанды интеллектіні дамыту бойынша әлемдегі жетекші компания – OpenAI компаниясының бас директоры Сэм Альтман да бұл антты қабылдады. Журналистердің айтуынша, Альтманның жеке байлығы 2 миллиард доллардан асады. Бір қызығы, бұл байлығының OpenAI кірісіне қатысы жоқ, Олтманның дәулеті басқа технологиялық компанияларға салған инвестициясына негізделген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2108982-openai-bas-direktory-sem-altman-bailygynyng-qomaqty-boligin-qaiyrymdylyqqa-beruge-uade-etti/