Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Декларация тапсырған қазақстандықтардың шетелде қандай мүліктері бар екені анықталды

Жарияланған күні:

Декларация үлгісі
Декларация үлгісі. Көрнекі сурет: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін Мемлекеттік кірістер комитетінде өткен брифингте қазақстандықтардың декларацияда көрстекен басқа елдердегі мүліктері туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Мемлекеттік кірістер комитетінің жеке тұлғалардың әкімшілік кірістері департаментінің басшысы Дина Құсайынова атап өткендей, биыл 800 мыңға жуық қазақстандық 250-нысандағы кіріс декларациясын тапсырды – бұл жеке тұлғалардың күтілетін санының 35 пайызы.

270-нысан бойынша 2 миллион адам табысы мен мүлкі туралы декларация тапсырды, бұл күтілетін санның 71 пайызын құрайды.

2021-2023 жылдарға 1 және 2-кезеңдерді декларациялау шеңберінде МКК мәліметінше, қазақстандықтардың шетелде мынадай мүліктері мен қаражаттары бар:

  • декларация тапсырған 1170 жеке тұлға 80 елдегі шетелдік банктерде ақша сақтағанын көрсетті;
  • 71 елде 2 976 жеке тұлға 3 959 жылжымайтын мүлікке иелік етеді;
  • 213 жеке тұлғаның 295 заңды тұлғаға қатысу үлесі бар;
  • 21 елде 93 жеке тұлғаның 161 зияткерлік меншік нысаны бар – бұл Ресейдегі ең көп сан;
  • 67 елде 1 421 жеке тұлғаның 1 657 көлігі бар.

Көліктерге қатысты соңғы мәселеге қатысты Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтардың декларация толтыру кезінде қателесіп, қате елді көрсетуі мүмкін екенін де айтты.

"Бұл жерде, бәлкім, біздің азаматтар қателесіп кетуі мүмкін. Мысалы, олар мүлікті Жапонияда деп көрсетеді, ал шын мәнінде ол тек сол жақта шыққан, яғни аздап қате толтырады", - деп түсіндірді Дина Құсайынова.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаудың 3-кезеңі басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2109036-deklaratsiia-tapsyrgan-qazaqstandyqtardyng-shetelde-qandai-mulikteri-bar-ekeni-anyqtaldy/