Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда қандай мобильді аударымдар тексеріледі: Мемлекеттік кірістер комитеті еске салды

Жарияланған күні:

Теңге купюрасы және смартфон
Теңге купюрасы және смартфон. Көрнекі сурет: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанда тек күдікті мобильді аударымдар тексеріледі, яғни бір адам ай сайын жүздеген түрлі азаматтан ақша алған кезде. Мұндай ережелердің неліктен бекітілгенін KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.

Қазақстанда тауарлар мен қызметтерді әртүрлі тәсілдермен төлеуге болады: қолма-қол ақшамен, төлем карталары немесе QR кодпен. Дегенмен кейбір кәсіпкерлер төлемдерді мобильді аударымдар арқылы жеке шоттарына алады.

Мемлекеттік кірістер комитеті түсіндіргендей, бұл әдіс заңсыз, себебі жеке тұлғалардан түсетін ақша аударымдарына салық салынбайды және кәсіпкерлер мұны өз қызметінен түсетін кірісті жасыру үшін жиі пайдаланады.

Жосықсыз кәсіпкерлерді анықтау үшін Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру енгізілді. Дегенмен барлық аударымдар мемлекет тарапынан тексерілмейтінін, тек күдік тудыратындары ғана тексерілетінін есте ұстаған жөн.

Бір айта кетерлігі, қарапайым азаматтарға, тіпті мобильді аударымдарды белсенді пайдаланатындарға да мұндай тексерулер қауіп төндірмейді. Себебі тексерудің нақты критерийі бар.

Тек әртүрлі тұлғалардан үш ай қатарынан ай сайын 100 немесе одан да көп мобилді аударымдар алған тұлғалар ғана, яғни кәсіпкерлік қызметтің белгілері байқалған жағдайда тексеру жүргізіледі.

Басқаша айтқанда, қарапайым қазақстандықтар іріктеудің өте қатаң критерийлеріне байланысты мұндай тексеруден қорықпаса болады, бұл тіпті мобильді аударымдарды ең белсенді пайдаланушылардың да бұл тізімге енуі қиын. Бұдан бөлек, өздері жиі ақша аударатын азаматтар да тексерілмейді.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандықтар ыңғайлы төлем әдісін таңдауға құқылы. Ал егер сатушы карта немесе QR-кодпен төлем қабылдаудан бас тартса, онда ол әкімшілік жауапкершілікке тартылады: бірінші рет ескерту алады, ал қайталап бұзғаны үшін – 40 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салынады, бұл 2024 жылы 147 680 теңге.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2109507-qazaqstanda-qandai-mobildi-audarymdar-tekseriledi-memlekettik-kirister-komiteti-eske-saldy/