Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа 10 мың теңгелік купюра: Ұлттық банк өкілдері мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Ақша
Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

28 маусымнан бастап жаңа дизайндағы 10 мың теңгелік банкнот айналымға шығарылады – жаңа банкнот 2012 жылғы үлгілерді алмастырады. Бұл туралы Ұлттық банкке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

2024 жылғы үлгідегі жаңа дизайндағы номиналы 10 мың теңгелік "Сақ стиліндегі" банкноттар айналымға 28 маусымнан бастап шығады. Банкноттар жаппай қолданысқа 2024 жылғы қыркүйекте беріле бастайды.

"Себебі оларды еліміздің барлық аймағына жеткізу үшін және жабдықтарды бейімдеу үшін қосымша уақыт қажет", - деп мәлімдеді банк өкілдері.

Банкноттардың түсі – күлгін-көк.

Банкнотаның бет жағында:

  • көкте қалықтап ұшқан құспен "Өмір ағашының" бұтағы (Есік қорғаны, б. д. д. 5-4 ғғ., Алтын адам бас киімінің бір бөлігі, табиғат пен наным байланысының қасиетті мағынасы);
  • ДНҚ спиралін және адамның табиғатпен байланысын білдіретін ою-өрнекпен стильдендірілген шексіздік символы;
  • артефакт – тау шыңындағы барыс бейнелі әшекей (Есік қорғаны, б.з.д. 5-4 ғғ., Алтын адамның бас киіміндегі деталь, қар барысы – батылдықтың, күш пен сұлулықтың символы).
Жаңа 10 мың теңгелік купюра
Жаңа 10 мың теңгелік купюра. Фото: Ұлттық банк

Артқы жағында ою-өрнекпен безендірілген қалқан мен Қазақстанда мекен ететін барыс бейнеленген. Негізгі суреттің артында дөңгелек пішіндес қазақтың ою-өрнегі орналасқан. Бұл бейне мына идеяларды білдіреді:

  • "Қалқан" – құндылықтарды қорғау;
  • ежелгі символ – әлемнің төрт құбыласы;
  • ортасындағы күн белгісі – шығармашылық қуат пен өмірдің символы.

Сондай-ақ банкноттың сырт жағында артефакт, яғни аузында грифондары бар барыстың басы бейнеленген (Берел қорғандары "Патшалар Алқабы", б.д. д. 8-7 ғғ., ШҚО, безендіру элементі, мақсаттылық пен күштің символы). Банкноттың ортасында фон ретінде қазақ ою-өрнегіндегі "шексіздік" контуры бар. Онда Іле Алатауы тауларының ландшафты көрініс тапқан.

Банкноталарды айырбастау және айналымда қатар жүру кезеңін белгілеу тәртібі туралы

Ұлттық банк өкілдері айналымда жүрген 2012 жылғы үлгідегі номиналы 10 мың теңгелік ұлттық валюта банкноттары екі жыл бойы ауыстырылатынын атап өтті.

Жаңа және ескі үлгідегі банкноталардың айналымда қатар жүру кезеңі 2024 жылдың 28 маусымнан 2026 жылдың 28 маусымына дейінгі аралықты қамтиды.

Ол кезең аяқталғаннан кейін, яғни 2026 жылғы 28 маусымнан бастап барлық банк пен Қазпоштада ескі үлгідегі банкноталарды 3 жыл ішінде, яғни 2029 жылғы 28 маусымға дейін жаңа үлгідегі банкноттарға айырбастауға мүмкіндік бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2109711-zhanga-10-myng-tenggelik-kupiura-ulttyq-bank-okilderi-malimdeme-zhasady/