Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда банк жабылғанға дейін оны кім басқарады

Жарияланған күні:

Ақша
Ақша. Көрнекі сурет: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстандағы банк лицензиясынан айырылған кезде оны басқару уақытша әкімшілікке өтеді. Ол ақшаны қайтару қажет болатын салымшылардың тізімін анықтайды. Мұның мән-жайын KAZ.NUR.KZ тілшілері анықтап білді.

Банк өз міндеттерін орындай алмаған кезде ол қаржылық операцияларды жүргізу лицензиясынан айырылуы мүмкін. 2006-2021 жылдар аралығында Қазақстанда осылайша 10 банкті тарату туралы шешім қабылданды.

Дегенмен банкті жабу әп-сәтте болмайды. Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорында (ҚДКБҚ) айтылғандай, егер банк төлем қабілетсіз деп танылса немесе лицензиясынан айырылса, ол ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі сырттан тағайындайтын уақытша әкімшіліктің басқаруына өтеді.

Егер банк төлем қабілетсіз деп танылса, оның лицензиясынан айырылғанға дейін "қалпына келтіруге" бір жылдан аспайтын уақыт беріледі. Осы кезеңде уақытша әкімшілік келесі функцияларды орындайды:

  • банкті басқару;
  • төлем қабілетсіздігін шешу бойынша шараларды жүзеге асыру;
  • қажет болған жағдайда банктің кредиторлар алдындағы міндеттемелерін тоқтата тұру;
  • банктің активтері мен міндеттемелерін басқа банкке беру.

Яғни осы уақыт ішінде банкті аяғынан тұрғызуға тырысады. Дегенмен көбіне бәрі қаржы ұйымын толығымен жабуға бағытталған.

Егер бұл орын алса, банк лицензиясынан айырылады және тарату комиссиясы құрылғанға дейін әрекет ететін жаңа уақытша әкімшілік тағайындалады.

Осы уақыт ішінде жаңа әкімшілік сондай-ақ банкті басқарады:

активтер мен міндеттемелерге түгендеу жүргізеді; активтер мен міндеттемелерді басқа банкке аударады;

мүліктің сақталуын бақылайды;

қарызды өтеуге жауапты;

сотта банктің мүддесін білдіреді.

Сағат және ақша
Сағат және ақша. Көрнекі сурет: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алайда барлық осы функциялардан басқа, әкімшілік салымшылардың тізімін және Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорына кепілдік өтемақысының есебін жасап, ұсынуы керек.

Басқаша айтқанда, тарату кезінде таратылатын банктің салымшылары мен кредиторларының мүдделерін қорғауды дәл уақытша басқару органдары бастайды. Соның арқасында қазақстандықтар сол жерде сақталған жинақтары банкпен бірге жойылып кетеді деп қорықпайды.

Естеріңізге сала кетейік, кепілдік өтемақы мөлшері шектеулі және ол салымның әр түрі үшін әртүрлі:

теңгелік жинақ салымдары үшін – 20 млн теңге;

карточка, шоттар және басқа теңгелік депозиттер үшін – 10 млн теңге;

карточка, шоттар және шетел валютасындағы депозиттер үшін – банк лицензиясынан айыру күніндегі айырбастау бағамы бойынша 5 млн теңге.

Бұл ретте, егер салымшыда бір-бірінен түрі мен валютасы бойынша ерекшеленетін бірнеше депозит бар болса, онда сақтандыру жағдайында қолданыстағы лимиттерді ескере отырып, барлық депозит бойынша 20 млн теңгеден аспайтын соманың жиынтық қалдығына кепілдік беріледі.

Осылайша, егер қазақстандықтың бір банкте тым көп сомасы сақталса, тарату кезінде оның мүдделері толық көлемде қорғалмауы мүмкін. Өзін-өзі қорғау үшін салымшылар ақшаны әртүрлі банкке бөлуі керек. Осылайша олардың барлық жинақтарын ҚДКБҚ қорғайды және күтпеген жағдай туындаған жағдайда қайтарылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2109780-qazaqstanda-bank-zhabylganga-deiin-ony-kim-basqarady/