Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ директорлар кеңесінің жаңа төрағасы сайланды

Жарияланған күні:

Нұрлан Байбазаров
Нұрлан Байбазаров. Фото: "Қазақстан даму банкі" АҚ баспасөз қызметі

Нұрлан Байбазаров"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ (Алматы) Директорлар кеңесінің 2024 жылдың 29 мамырындағы шешімімен Н.С. Байбазаров қордың Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланғанын KASE-ге хабарлады", - делінген хабарда.

Енгізілген өзгеріс бойынша, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ директорлар кеңесі бес адамнан тұрады: Байбазаров Н.С., Бахмутова Е.Л., Баталов Р.А., Қарағойшин Р.Т., Бөрібаева Г.А.

Айта кетейік, Байбазаров 2024 жылдың ақпан айынан бастап вице-премьер – ҰЭМ басшысы қызметін атқарып келе жатыр. 2023 жылдың қазан айына дейін "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ны басқарған. Байбазаров ҚДБ-да бұған дейін де жұмыс істеген – 2022 жылдың қарашасынан 2023 жылдың қазан айына дейін қаржы институтының басқарма төрағасы болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2110179-damu-kasipkerlikti-damytu-qory-aq-direktorlar-kengesining-zhanga-toragasy-sailandy/