Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жеті балама шот аштым": қазақстандық көпбалалы отбасылар Отбасы банкіндегі AQYL депозитінің артықшылығын айтты

Жарияланған күні:

AQYL депозиті
Сурет: Отбасы Банк

Сәбиі шыр етіп өмірге келгеннен бастап ата-ана оған дүниедегі ең жақсысын таңдап беруге тырысады. Әсіресе баланы оқытып, оған сапалы білім беру ата-анаға үлкен жауапкершілік артады. Осы орайда баласының болашағына алаңдап жүрген әр қазақстандыққа Отбасы банкіндегі AQYL білім беру жинақтау салымы көмекке келеді.

AQYL депозитінің мақсаты – ел азаматтарының өз біліміне немесе балаларының біліміне қаражат жинау. Оның көмегімен салымшылар отандық немесе шетелдік білім беру мекемелерінде оқу ақысын төлей алады.

AQYL білім беру жинақтау салымын үш немесе бес жыл мерзімге ашуға болады. Егер ол кемінде үш жыл мерзімге ашылса, онда салым бойынша мөлшерлеме жылдық 12%-ға (ЖТСМ 12,9%-дан 13,1%-ға дейін) тең болады. Егер депозит кемінде бес жыл мерзімге ашылса, онда депозит бойынша мөлшерлеме 9,5% (ЖТСМ 9,5%-дан 10,1%-ға дейін) тең болады. Банктің есептелген сыйақысы ай сайын капиталдандырылады. Депозит мерзімі аяқталғаннан кейін ол автоматты түрде жаңартылады.

Елімізде бұл мүмкіндікті пайдаланып, балаларының болашақта жақсы жерде білім алуын көздеген отбасылар аз емес. Солардың бірі – көпбалалы ана Орынкүл Базар. Бір қыз, бес ұл тәрбиелеп отырған Форт-Шевченко қаласының тұрғыны ақпан айында Отбасы банкінен алғашқылардың бірі болып әр баласына жеке-жеке AQYL депозитін ашқан.

Орынкүл Базар күйеуімен
Фото: Орынкүл Базардың жеке мұрағатынан

"AQYL депозиті туралы алғаш естіген кезімде "Ұлттық қор – балаларға" жобасы да іске қосылып жатқанын білдім. Сол ақшамен қосып, жинала берсінші деп депозит аштық. 18-ге толғанда өздерінің оқуына немесе үй алуға жұмсаса деген ниетіміз бар. Алты балама жеке-жеке бес жылға депозит аштық. Ай сайын мүмкіндігімізге қарай қолымызға түскен қаражаттан салып отыруға тырысамыз", - дейді Отбасы банкінің салымшысы Орынкүл Базар.

Айтуынша, баласының болашағын ойлайтын әрбір ата-анаға AQYL депозиті ауадай қажет.

"Мен әр ата-анаға осындай кеңес беремін. Қазір күйбең тірлікпен ақшаны қолда жинап, ұстай алмайсың. Той, басқа да шығының бар. Ақша жинау мүмкін емес. Ал баланың болашағы үшін, ертең оқыта алмай қалмаймын ба, баспанасыз қалып қалмай ма деп алаңдасақ, қазір мүмкіндік бар кезде осы депозитті ашу керек деп ойлаймын. Ертең балалар бірінен соң бірі өсіп, оқуға кетемін десе, оның бәріне қаражат жеткізу мүмкін болмай қалуы да ғажап емес", - дейді алты баланың анасы Орынкүл Базар.

Орынкүлдің тұңғышы 13 жаста, енді бес жылда 18-ге толады. Егер қызы грантқа түссе, онда "AQYL" депозитіндегі жинақтарды шешіп алып, оларды кез келген өзге мақсатқа, соның ішінде тұрғын үй сатып алуға жұмсауға болады.

Қазақстандық балалардың білімге қаражат жинақтау ісіне мемлекет те өз үлесін қосып, жыл сайын жинаққа сыйлықақы есептеп отырады. Салымшылардың барлық санаты үшін ол 5% құрайды. Ал жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүмкіндігі шектеулі балаларға, көпбалалы отбасыларынан шыққан және жан басына шаққандағы табысы аз, яғни азық-түлік себетінен төмен табысты отбасыларға ашылған депозиттерге мемлекеттіксыйлықақы 7% мөлшерінде есептеледі.

Маңғыстау облысы Жетібай ауылының тұрғыны Қайрат Утесинов те Отбасы банкіндегі "AQYL" депозитінің салымшысы. Сегіз баланың әкесі депозиттерді банк филиалына барып, уақытын сарп етпей-ақ интернет банкинг арқылы қашықтан ашқан.

"Өзім сегіз баланың әкесімін, Жетібайда "Маңғыстаумұнайгаз" кәсіпорнында әлеуметтік мәселелер бойынша маман болып қызмет етемін. Сондықтан балаларға қатысты жаңадан ашылған мүмкіндіктер, бағдарламалар туралы бірден естіп-біліп отырамын. 18-ге толмаған жеті баламда депозит бар. Қолымнан келгенше барлығына салым салдым. Қазір айына 5-10 мың теңгеден аударып тұрамын. Барлығы сол кішкентайларымыздың болашағы үшін. Елдің болашағы жарқын болсын десек, балаларымыз барлық жағынан білімді, сауатты болуы керек. Біз сияқты 18-ге келіп, қалай оқимын, қалай үй алам деп уайымдамаса екен деймін. Солар үшін еңбек етеміз", - дейді ол.

AQYL депозиті
Сурет: Отбасы Банк

Айта кету керек, жыл сайын AQYL депозитіне есептелетін сыйлықақының ең жоғары мөлшері 100 АЕК-тен (2024 жылға 369 200 теңге) аспауға тиіс. Ал мемлекеттік сыйлықақы жинаққа бір жыл толғанда есептеледі. Депозит ашылған кезде міндетті түрде жасалатын бастапқы жарнаның мөлшері үш айлық есептік көрсеткішке немесе 11 076 теңгеге (2024 жылы) тең болуы керек.

Отбасы банкіндегі AQYL депозитін Ұлттық қордан алынған жинақтармен толықтыруға да болады. Бұл төлемдерді биыл 18 жасқа толған қазақстандықтар қолдана алады. Оны "Ұлттық қор – балаларға" жобасы аясында enpf-otbasy.kz платформасы арқылы жасауға болады. Қазақстандықтар Ұлттық қордан берілетін төлемдерді екі мақсатқа – тұрғын үй жағдайларын жақсарту немесе оқу ақысын төлеу үшін пайдалана алады. Оқу ақысын төлеу мақсатында қолдану үшін қордан түскен қаражатты "AQYL" депозитіне аудару қажет.

AQYL білім беру жинақтау салымы мемлекет пен үшінші тұлғалардың өндіріп алуынан қорғалған, сондай-ақ ол Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорында сақтандырылған. Жоғарғы оқу орнынан грант ұтып алған жағдайда, депозиттегі барлық соманы мемлекеттік сыйлықақымен қоса алғанда түгелдей шешіп алуға болады.

Жалпы Отбасы банкінде күн сайын 150-ге жуық білім беру депозиттері ашылады екен. Небәрі төрт айдың ішінде қаржы құрылымында қазақстандықтар 17 000 "AQYL" салымын ашқан екен.

*Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 29 сәуірдегі № 1.1.111 банк заңнамасында көзделген банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензиясы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2110215-zheti-balama-shot-ashtym-qazaqstandyq-kopbalaly-otbasylar-otbasy-bankindegi-aqyl-depozitining-artyqshylygyn-aitty/