"Онда тұрған ештеңе жоқ": Ұлттық банк басшысы қандай несиесі бар екенін айтты
Жарияланған күні:
Читать на русскомҰлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов брифингте Қазақстанда қандай мақсатта несие алған дұрыс екенін, өзінің тұтынушылық несиесі бар екенін айтты. Бұл жөнінде KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ұлттық банкте өткен брифингте журналистердің сұрақтарына жауап берген Тимур Сүлейменов тұтынушылық несиесі бар екенін айтты.
"Несие – сауда-саттықтың қозғалтқышы. Нарық экономикасында бұл жақсы. Егер сізде жинақ болмаса, бірақ жақсы ақша ағыны болса, яғни жақсы ақша тауып, мәселен, бастапқы жарнасын қазір төлеп, бір бөлмелі пәтерді ипотекаға рәсімдегіңіз келсе, бұл жаман ба? Жоқ, әрине. Не болмаса 10 жыл күтіп, толық соманы жинап барып сатып алу керек. Жоқ, бұлай ыңғайсыз. Нарық экономикасы мен несие – өзара байланысты", - деп есептейді Ұлттық банк басшысы.
Жалпы, Сүлейменовтің айтуынша, несие тек сауда-саттықтың емес, барлық прогрестің қозғалтқышы болып саналады. Бірақ мұнда бірқатар шартты сақтау керек.
"Кімде-кімнің табысына, мүмкіндігіне сай келетін теңдестірілген табысы болса (несие алуға болады – ред. ескертпесі). Ең бастысы, керек затқа – бұл дұрыс. Несием бар, онда тұрған ештеңе жоқ", - деп түйіндеді сөзін Сүлейменов.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2110308-onda-turgan-eshtenge-zhoq-ulttyq-bank-basshysy-qandai-nesiesi-bar-ekenin-aitty/