Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы отандық банктердің облигациясына салынуы мүмкін
Жарияланған күні:
Читать на русскомҰлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов брифинг барысында БЖЗҚ ақшасына банк облигацияларын сатып алуға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Тимур Сүлейменов президент жарлығын іске асыру аясында қазір Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, үкімет және "Бәйтерек" холдингімен бірлесіп несиелендіруді кеңейту нұсқалары қарастырылып жатқанын айтты.
"Өздеріңіз білетіндей, біздің елде корпоративтік несиелендіру қарқынды дамып келеді. Біз оның экономикалық әлеуетімізге сай келетіндей бұдан да жылдам қарқынмен өскенін қалаймыз. Жалпы, дұрысырақ айтқандай осылай болады.
Сәйкесінше, қандай мәселелер бар екенін қарастырамыз. Екінші деңгейлі банктер көтеріп отырған ең маңызды мәселе – ұзақ теңгелік ресурстардың қолжетімділігі. Олардың қолындағы қазіргі ресурстар – депозиттер, бірақ олар ұзақ емес. Яғни, депозитті әрқашан қайтарып алуға болады. Ал, тиісінше, банктерге ұзақ мерзімді несиелерді құрылымдау оңай емес.
Сонымен қатар БЖЗҚ-ның активтері еліміздің экономикасы үшін жұмыс істеуге тиіс ұзақ ақша болып саналады. Осылайша, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Ұлттық банк және "Бәйтерек" холдингі БЖЗҚ портфелінің бір бөлігін тиісті екінші деңгейлі банктердің облигациясына инвестициялау мәселесін пысықтады. Бұл қаржы тек қана корпоративтік несиелендіруге жұмсалады", - деді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2110350-qazaqstandyqtardyng-zeinetaqy-zhinagy-otandyq-bankterding-obligatsiiasyna-salynuy-mumkin/