Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сүлейменов: коммуналдық реформалардың инфляцияға әсерін мұқият қадағалаймыз

Жарияланған күні:

Тимур Сүлейменов
Тимур Сүлейменов. Фото: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

Ұлттық банк коммуналдық саладағы реформалардың экономикаға және инфляцияға әсерін мұқият қадағалайды, бірақ тікелей әсеріне базалық ставкамен жауап бермейді. Бұл туралы бүгін ҚҰБ басшысы брифинг барысында хабарлады. Толығырақ NUR.KZ оқыңыздар.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің айтуынша, экономикадағы проинфляциялық факторлардың әсері әлі сақталып отыр. Ол жоғары инфляциялық күтулермен қатар фискалдық ынталандыруға, орнықты ішкі сұранысқа және тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласындағы реформалардың жалғасуына байланысты. Бүгін қабылданған шешім инфляция мен экономика өсімінің жаңартылған болжамдарына негізделіп отыр.

"Қазіргі кезде біз жылдық инфляцияның өз болжамдарымызға сәйкес төмендеп келе жатқанын байқап отырмыз. Наурыз бен сәуірде баға өсіміндегі орнықты бөліктің төмендей бастауы – біз үшін жақсы белгі. Алайда инфляциялық күтулердің қайта өсе бастағаны байқалады. Бұл инфляцияны төмендету саясатын жалғастыруды қажет етеді", - деді ол.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Фото: Ұлттық банк маманы

Жаһандық инфляциялық қысымның әлсіреуінен, тамақ өнімдерін өндірушілер бағасының төмендеуінен және ұстамды қатаң ақша-кредит саясатынан инфляция баяулайды.

Сәуір айында бағаның жылдық өсуі 8,7%-ды құрады. Азық-түлік инфляциясы– 6,3%, ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсімі 7,6%-ды құрады. Ақылы қызметтер инфляциясы туралы айтатын болсақ, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер тарифінің көтерілуінен жылдық мәнде 13,5%-ке дейін жеделдеді.

Биылға инфляция болжамы өзгерген жоқ. Оның шегі – 7,5-9,5%. Келесі жылы инфляция 5,5-7,5% деңгейінде сақталды, ал 2026 жылы фискалдық ынталандырудың төмендеуіне және ұстамды қатаң ақша-кредит шарттарының толық қалыптасуына қарай инфляция 5-6%-ке дейін баяулайды деп күтілуде.

Ұлттық банк басшылығы
Ұлттық банк басшылығы. Фото: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

Ұлттық банктің басты міндеті – келешекте инфляция бойынша белгіленген мақсат – 5%-ға қол жеткізу. Бұл ұзақ уақыт бойы ұстамды қатаң ақша-кредит саясатын жүргізуді талап етеді. Сол арқылы қалыптасқан инфляцияның баяулау үрдісі бекітіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2110422-suleimenov-kommunaldyq-reformalardyng-infliatsiiaga-aserin-muqiiat-qadagalaimyz/