KASE Мәскеу биржасына қарсы енгізілген санкциялар аясында мәлімдеме жасады
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚазақстан қор биржасы (KASE) АҚШ Қаржы министрлігінің Мәскеу қор биржасына (MOEX) қарсы санкция салуы аясында мәлімдеме жасады. Бұл туралы KASE-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
KASE мамандары таратқан ақпаратқа сәйкес, 2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша KASE орналастырған акциялардың 13,1 пайызы MOEX-ке тиесілі.
"OFAC шығарған 14024 атқарушы бұйрығына сәйкес, тұлғалардың SDN тізімінде болуы тура не жанама түрде бақылайтын акциялардың/үлестердің 50 пайызы не одан көбін жеке немесе санкцияға ілінген басқа тұлғалар бақылайтын SDN тізіміндегі тұлғаларға бұғаттау санкциясын қолдану қаупін қарастырады", - делінген хабарламада.
KASE мұндай тұлғалардың қатарына жатпайды және шектеулер биржа мен KASE-нің клиринг орталығының қызметіне ешқандай әсер етпейді, деп хабарлады Қазақстан қор биржасының өкілдері. Бұған қоса биржа штаттық режимде және стандартты ережелерге сәйкес жұмысын жалғастырып жатқаны айтылды.
"KASE санкциялық шектеулерді ескере отырып, MOEX-пен іскерлік қарым-қатынасты жалғастыру жолдарын қарастырады", - дейді KASE мамандары.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2116587-kase-maskeu-birzhasyna-qarsy-engizilgen-sanktsiialar-aiasynda-malimdeme-zhasady/