Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында доллар бағамы 457 теңгеге дейін өсті

Жарияланған күні:

Читать на русском
Доллар
Доллар. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Қазақстанда америкалық валюта күрт қымбаттады – 13 маусымда таңертең ақша айырбастау орындарында долларды орташа есеппен 456 теңгеге сатып алуға болады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Қазақстан қор биржасының сайтындағы ақпаратқа сәйкес, АҚШ валютасыынң ресми бағамы бір доллар үшін 451,54 теңге – кеше кешкі сауда осылай аяқталған. Бұл ретте бір күн ішінде доллар 2 теңгеге жуық қымбаттады.

Дегенмен Kurs.kz порталындағы мәліметке қарағанда, ақша айырбастау орындарында доллар әлдеқайда қымбат.

Мәселен, Алматыдағы валюта айырбастау пункттері долларды 451,9-452,6 теңгеден сатып алып, 452,9-456 теңгеден сатуда.

Елордада долларды 450-450,2 теңгеден сатып, 457-457,5 теңгеден сатып алуға болады.

Шымкентте долларды 451-452,7 теңгеден сатып алып, 455-455 теңгеден сатып жатыр.

NUR.KZ сайтының ақша айырбастау бағамына қатысты мәліметіне сүйенсек, қазақстандық екінші деңгейлі банктер долларды келесі бағамен саудалап жатыр:

  • Алматыда: сатып алу – 448-452 теңге, сату – 453,7-455 теңге;
  • Астанада: сатып алу – 448-450 теңге, сату – 453-455 теңге.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2116788-qazaqstandagy-aqsha-aiyrbastau-oryndarynda-dollar-qymbattap-457-tenggege-zhetti/