Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан жол құрылысына көбірек қаржы жұмсай бастады: сарапшылар пікірі

Жарияланған күні:

Жол жөндеу жұмыстары
Жол жөндеу жұмыстары. Көрнекі фото: pixabay.com

Жол жөндеуге бөлінген ақшалай шығындардың көрсеткіштері бірден жылдық есеппен 43 пайызға өсті. Бұған дейін мұндай күрт өсім 2019 жылы байқалған болатын. Бұл туралы толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.

Қазақстанның географиялық ерекшеліктеріне: үлкен аумаққа және қалалардың бір-бірінен шалғай орналасуына байланысты жолдар мен автомобиль жолдарын салу маңызды міндет саналады.

DATA HUB Telegram-арнасының мәліметіне сүйенсек, жалпы құрылыс жұмыстарының жалпы көлеміндегі үлесі бойынша жолдар мен автомобиль жолдары алғашқы топ-3 қатарына кіреді: олар 13 пайызды құрайды. Ал алғашқы екі қатарда:

тұрғын емес ғимараттар (1, 2 санаттағы стационарлық сауда нысандары кірмейді) – жалпы көлемнің 24 пайызы;

тұрғын үйлер – үлесі 15 пайызға жетеді.

Сондай-ақ 2024 жылы жол құрылысының құны жыл сайынғы негізде шамамен 50 пайызға өсті.

"Біз құрылыс шарттары бойынша орындалған жұмыстардың құны туралы айтып отырмыз, тиісінше, мердігердің пайдасы мемлекет шығыны болады", - дейді сарапшылар.

Қанша ақша жұмсалды

2024 жылдың қаңтар-мамыр айларында жолдар мен автомобиль жолдарын салу бойынша орындалған жұмыс көлемі 213,7 млрд теңге болды. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 43 пайызға (немесе 64 млрд теңгеге) көп. Бес айдың қорытындысы бойынша мұндай үлкен көлемдегі қаражат соңғы рет 2019 жылы тіркелген.

"Алайда мердігерлер кірісінің артуы жол құрылысында бәрі жақсы дегенді білдірмейді, мысалы, Атырау-Астрахань тасжолын (277 км) алайық, оны 2018 жылдан бері жаңартып жатыр", - деп хабарлайды дереккөз.

Бұған дейін "ҚазАвтоЖол" Астана мен Алматы арасындағы тасжолдың қашан аяқталатынын айтқан болатын.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы жолдардың сапасына қатысты жағдайды ең күрделі деп атаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2119593-qazaqstan-zhol-qurylysyna-kobirek-qarzhy-zhumsai-bastady-sarapshylar-pikiri/