Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның қай қаласында шаш қию арзан

Жарияланған күні:

Шаштараз
Шаштараз қызметі. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстандық әйелдер шашын ең арзанға Семейде (орта есеппен 2236 теңге) қидырса, ерлер Оралда (1795 теңге) арзанға қидыра алады. Шаш қию ең қымбат қала – Алматы. Орташа бағалар туралы KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.

Қазақстандағы шаштараздар мен сұлулық салондары биылғы жылдың бірінші тоқсанында 18,7 млрд теңгенің қызметін көрсетті, деп хабарлайды Finprom. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бірден 2,3 есе көп. Анықтама үшін: бір жыл бұрын бұл көрсеткіш небәрі 18,2 пайызға өскен.

Жалпы, 2023 жыл ішінде сектордағы қызмет көрсету көлемі рекордтық 62,3 млрд теңге болды, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 80,2 пайызға артық.

Шаштараз және сұлулық салондары
Шаштараз және сұлулық салондарының қызмет көлемі. Инфографика: finprom.kz

Ақшалай түрде көрсетілетін қызмет көлемінің ұлғаюына олардың құнының өсуі де әсер етуі мүмкін. Осылайша, 2024 жылдың мамыр айының соңында шаштараздар мен сұлулық салондарындағы қызметтердің бағасы айына 1,4 пайызға және жылына 12,1 пайызға өсті.

Айтқандай, жалпы ақылы қызметтердің бағасы жылдам көтеріліп жатыр. Мамыр айында сектордағы баға өсімі айына 1 пайыз, жылына 13,9 пайыз болды.

Шаштараз және сұлулық салоны қызметтері
Шаштараз және сұлулық салоны қызметтерінің қымбаттауы. Инфографика: finprom.kz

Бір жыл ішінде бағаның айтарлықтай өсуі маникюр қызметтерінен байқалды. Бұл сала 15,9 пайызға өссе, сондай-ақ әйелдер мен ерлердің шаш қиюы да қымбаттаған: олар 14,5 және 11,4 пайызға өсті. Эпиляция және педикюр қызметтерінің бағасы да айтарлықтай өскен: 8,3 пайызға және 7,1 пайызға.

Республика бойынша әйелдердің шаш қиюының орташа құны 3645 теңге, ал ерлердің шаш үлгісі 2459 теңге болды. Ең жоғары баға Алматыда тіркелді: орта есеппен әйелдер үшін шаш қию 5305 теңге, ал ер адамдар үшін 3601 теңге.

Астанада баға сәйкесінше 4538 және 2879 теңге, ал Шымкентте 2954 және 1974 теңге.

Әйелдер шаш қиюдың ең төменгі орташа құны Семейде 2236 теңге, ал ерлер үшін ең арзаны Оралда – 1795 теңгеге қиылады.

Шаш қию бағасының өсуі.
Шаш қию бағасының өсуі. Инфографика: finprom.kz

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда жеке гигиена заттары да қымбаттады: дезодорант, крем, сусабын және т.б.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2120583-qazaqstannyng-qai-qalasynda-shash-qiiu-arzan/