Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар ипотеканы бастапқы жарнасыз беруді талап етті

Жарияланған күні:

Ақша және үйдің макеті
Ақша және үйдің макет. Көрнекі сурет: freepik.com

Петиция сайтында Қазақстанда несиеге үй сатып алу кезіндегі міндетті бастапқы жарнаны алып тастау бастамасы көтерілді. Бірақ мұның кері салдары болуы мүмкін, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ипотека бойынша бастапқы жарнаны алып тастау петициясы ePetition ресурсында пайда болды.

Оның авторларының айтуынша, қазақстандықтар бастапқы жарнаның жоқтығынан жеңілдетілген ипотекалық бағдарламаларға да қатыса алмайды отыр, себебі оған қажет соманы жинаудың өзі қиын, дейді олар.

Петицияда не айтылған

"Бастапқы жарнасы 10-20-30 пайыздық ипотекалық бағдарламалар мұқтаж азаматтардың баспана алуын қиындатады. Осы себепті көбісі қымбат жалдамалы баспананы жалға алуға мәжбүр, ал мұның орнына баспана сатып алуға болар еді.

Бір айта кетерлігі, нарықта бастапқы жарнасы барлар арасында да әбігершілік туып жатыр, кейбір санаттағы адамдар белгілі бір пункт бойынша өтсе, басқалары өтпей, жыл бойы кезек күтеді, бұл әділетсіз және дұрыс емес", - делінген петиция мәтінінде.

Сондықтан ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне жолдаған үндеуінде авторлар азаматтардың төлем қабілеттілігіне назар аудару маңызды екенін атап өтті. Егер ол дәлелденсе, онда тұрғын үйді еш кедергісіз – мысалы, бастапқы жарнасыз беру керек.

Алайда мұндай шешімдердің кейбір тәуекелдері барын айтқан Finance.kz Telegram-арнасының сарапшылары бұл пікірді қолдамайды.

Ақша
Ақша. Көрнекі сурет: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бастапқы жарнасыз не болады

Сарапшылардың пікірінше, іс жүзінде "бастапқы" жарнаны алып тастау бірқатар себепке байланысты қате идея болуы мүмкін.

"Біріншіден, мұндай шешім қабылданса, сұраныстың артуына байланысты тұрғын үй бағасы да артады. Мұндай жеңілдік барлық жеңілдігі бар бағдарламалар сияқты әрекет етеді, тек шаршы метрдің құнын өсіріп, құрылыс салушылардың қалтасына түседі", – дейді сарапшылар.

Сондай-ақ сарапшылар мұндай жағдайда қазақстандықтардың несие алуы артатынын атап өтті. Бастапқы жарна несие берушіге қарыз алушының қаражат жинауға қабілетті екендігіне белгілі бір кепілдіктер береді, бұл пайыздық мөлшерлемеге және қарыздың басқа шарттарына әсер етеді.

Егер мұндай сенімділік болмаса, онда несиелер де несие беруші үшін қауіпті болмақ, яғни олар қайтарылмау тәуекелдерін жүктейтін халық үшін қымбат бола түседі.

Жалпы алғанда, сарапшылардың пікірінше, бастапқы жарна несиені қалыптастыруда, несие беруші үшін тәуекелдерді азайтуда, демек, қарыз алушының жағдайын жақсартуда маңызды. Сондықтан оның күшін жою тұрғын үй нарығындағы жағдайдың нашарлауына әкелуі мүмкін: бағаның көтерілу қаупі туындап, ипотекалық несиенің қолжетімсіздігі арта түседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2120838-qazaqstandyqtar-ipotekany-bastapqy-zharnasyz-berudi-talap-etti/