Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда балалар лагеріне тегін жолдаманы қалай алуға болады

Жарияланған күні:

Балалар
Балалар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстандықтар балаларын қала сыртындағы балалар лагеріне демалысқа жібере алады. Бұған қоса, кейбір азаматтардың мұндай жерлерге тегін жолдама алу мүмкіндігі бар. Бұл туралы толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.

Қала сыртындағы балаларға арналған лагерь – балалардың демалысы мен сауығуына арналған арнайы ұйым, бұл жаққа олар әдетте демалыс кезінде барады.

The HODL Telegram-арнасының хабарлауынша, мұндай ұйымдарға жолдамалар белгілі бір жағдайларда тегін берілуі мүмкін.

Балалардың сауықтыру орталығында және лагерінде болу уақыты нысанның жобалық қуатына қарай ауысымда шамамен 10-15 күн.

Тегін демалысты кімдер алады

  • Дереккөздің хабарламасына сәйкес, мұндай мүмкіндік мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ мемлекеттік білім беру мекемелерінің білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қолжетімді;
  • АӘК алмайтын, бірақ жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар (2024 жылы 43 407 теңге);
  • жетім балалар, сондай-ақ отбасында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан балалар;
  • басқа санаттағы білім алушылардан және халықтың осал санаттарынан шыққан оқушылар (білім беру ұйымының алқалы органы айқындайды).
Балалар лагері
Балалар лагері. Көрнекі сурет: 130920/Getty Images

Жолдаманы қалай алуға болады

Балаларға арналған саяжай және мектеп жанындағы лагерьлерде тегін демалуға жолдама алу үшін олардың ата-аналары мен қамқоршылары кейбір құжаттармен бірге өтініш беруі қажет. Сонымен, сізге керегі:

  1. өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттама қызметінің электрондық құжаты;
  3. баланың (балалардың) электрондық нысандағы туу туралы куәлігі немесе оның қағаз жеткізгіштегі көшірмесі, АХАЖ ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған адам үшін;
  4. некеге тұру немесе некені бұзу туралы куәліктің көшірмесі (АХАЖ бөлімінде ақпарат болмаған жағдайда);
  5. № 071/у нысан бойынша сауықтыру лагеріне баратын мектеп оқушысының медициналық анықтамасы;
  6. жолдаманы алу мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі.

Бұл жағдайда үміткердің мәртебесін растайтын құжаттың түрі балалар лагеріне жолдама алудың негіздемесіне байланысты болады:

  • мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін - жергілікті атқарушы органдар беретін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама;
  • жұмыссыз ата-анасы бар отбасылардың балалары үшін – жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама;
  • мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін – алынған табыстары туралы құжаттар (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақысы туралы, кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыстары туралы, балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент түріндегі табыстары туралы анықтама);
  • отбасыларда тұратын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін – уәкілетті органның жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиені бекіту туралы шешімі;
  • төтенше жағдайлардың нәтижесінде шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан балалар және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілер үшін – отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру негізінде алқалы органның шешімі. 
  • "079/е" сауықтыру лагеріне баратын оқушыға медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі.

Барлық қажетті құжаттар жиналғаннан кейін (онлайн режимде жасауға болады), оларды egov.kz веб-порталында электронды түрде тапсыру керек.

Сондай-ақ облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері немесе тұрғылықты жері бойынша ХҚКО арқылы да өтініш беруге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2120874-qazaqstanda-balalar-lagerine-tegin-zholdamany-qalai-aluga-bolady/