Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тауар бағасы 50 пайызға дейін төмендейді": Қытайда бұрын-соңды болмаған сауда-саттық фестивалі өтеді

Жарияланған күні:

Шопинг
Шопинг. Көрнекі сурет: pixabay.com

Сарапшылар қазір Қытайда өтіп жатқан жыл сайынғы "618" шопинг фестивалі "тарихта бұрын-соңды болатынын айтты, деп хабарлайды Bloomberg-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қытайдың алпауыт интернет-дүкендері 2019 жылғы сатылым деңгейіне оралу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда. Пандемияға дейін ел тұрғындары киім-кешек, тұрмыстық техника, парфюмерия және басқа да жеке гигиена тауарларын көптеп алатын.

Осындай ірі фестиваль кезінде компаниялар тауар бағасын 50 пайызға дейін төмендетсе, брендтер оларды жарнамалау үшін атақты адамдарды тартады. Оның үстіне, мұны тек жергілікті ғана емес, әлемдік брендтер де жасайды, себебі Қытай олар үшін қуатты сауда алаңы саналады. Мысалы, "618" фестивалі қарсаңында әнші Рианна Dior фирмасының J'Adore әтірінің жаңа амбассадоры болды.

"2024 жылғы сауда фестивалі – тарихта бұрын-соңды болмаған деңгейде өтеді деп жоспарланып отыр. Электрондық коммерция платформалары тұтынудың азаюы жағдайында үлкен қысымға ұшырауда және маркетингке инвестиция салуға дайын", - дейді Kearney China басқарушы директоры Шерри Хэ.

Инвесторлар үшін де "618" шопинг фестивалінің көрсеткіші де маңызды индикатор, себебі ол Қытайдағы тұтынушылар ақшаны қайта жұмсауға дайын ба, әлде жылжымайтын мүлік дағдарысы, дефляция және еңбек нарығының тұрақсыздығы оларды сауда жасаудан бас тарта ма, соны көрсетеді.

Syntun нарық сарапшыларының мәліметіне сүйенсек, Қытайдың электрондық коммерция платформаларындағы жалпы сатылым 2024 жылы өткен жылмен салыстырғанда 7 пайызға төмендеп, 742,8 миллиард юань (102 миллиард доллар) болды.

Фестивальдің "618" атауы дәстүрлі түрде шопинг фестивалі басталатын күн – 18 маусымды білдіреді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2120937-qytaidagy-618-sauda-festivali-biyl-tarihtagy-eng-aiausyzy-bolady-sarapshylar-pikiri/