Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда "орта тап" өкілдері қанша жалақы алады

Жарияланған күні:

Ақша салынған әмиян
Ақша салынған әмиян. Көрнекі сурет: Igor Bastrakov/Getty Images

"Орта тап" ел экономикасының қозғалтқыш күші саналады. Олар – негізгі салық төлеушілер және тауарлар мен қызметтерді тұтынушылар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Орта тапқа жататын адамдар – материалдық және материалдық емес қажеттіліктердің кең ауқымын қанағаттандыруға жететін тұрақты табысы бар халықтың әлеуметтік тобы.

Economy.kz сарапшыларының пікірінше, әлемде орта таптың анықтамасы туралы нақты түсінік жоқ. Әдетте бұл мақсат үшін ең алдымен халықтың табысы талданады.

Мысалы, Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы (ЭЫДҰ) ұйымы 75-200 пайыз аралығында болуға тиіс орташа ұлттық табыс көрсеткішін пайдаланады. Ал АҚШ-та орта тапқа үй шаруашылығының жылдық табысы 58 мың-156 мың АҚШ доллары болатын ересек азамат кіреді  (штатқа байланысты).

"Егер "орта тап" өкілдері аз болса, онда мұндай мемлекет жоғары наразылық әлеуетімен, саяси тұрақсыздықпен, қоғамды қылмыстандырудың жоғары деңгейімен және оның жіктелуімен сипатталады", - делінген дереккөзде.

Қазақстандағы орта тап

Сарапшылардың пікірінше, біздің елде де "орта тап" туралы нақты түсінік жоқ.

Табыс деңгейі бойынша Қазақстандағы қызметкерлер саны. Дереккөз
Табыс деңгейі бойынша Қазақстандағы қызметкерлер саны. Дереккөз: Economy.kz

Теориялық тұрғыдан Қазақстанда халықтың "орта табын" 2 тәсілмен анықтауға болады:

  • статистикалық ақпаратты талдау (халықтың кірістері мен шығыстары);
  • әлеуметтанулық зерттеу жүргізу (белгілі бір қажеттіліктердің қолжетімділігі негізінде адамдарды өз бетінше анықтау).

Ұлттық статистика бюросының деректерін талдау көрсеткендей, 3,5 млн жұмыс күшінің 77 пайызы ай сайын 400 мың теңгеден аз табыс табады, бұл ел бойынша орташа номиналды жалақыдан төмен – 394 мың теңге (2023 жылғы 4 тоқсанның қорытындысы бойынша ).

Бұл ретте жұмыс күшінің 60 пайызы орташа жалақы – 260 мың теңгеден төмен табыс табады.

Егер орташа жалақыны есептесек, бұл – ЭЫДҰ елдерінің әдістемесі бойынша 394 мың теңге (ұлттық орташа табыстан 75-200 пайызы), онда "орта тапқа" жұмыс істейтін қазақстандықтардың 31 пайызын жатқызуға болады.

Жұмыскерлер арасында "теңгелік миллионерлердің" жартысына жуығы Алматы қаласында (25 пайыз) және Атырау облысында (23 пайыз) тұрады: елордада жалақысы төмен жұмыстың ең көп үлесі байқалады. Мәселен, 70 мың теңгеге дейін табыс табатын жұмыскерлер арасында 13 пайызы елордада тұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2121447-qazaqstanda-orta-tap-okilderi-qansha-zhalaqy-alady/