Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтарға зейнетақы үшін салық салынбайды: ақша неге бәріне бірдей қайтарылмайды

Жарияланған күні:

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

ОКҚ брифингінде Ұлттық экономика министрлігінің өкілі қазақстандықтар БЖЗҚ-дан ақша алған кезде төлеген жеке табыс салығы (ЖТС) нақты кімдерден алынбайтынын түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұған дейін Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин қазақстандықтардың жеке табыс салығынан босатылатынын, себебі салық 2025 жылға дейін "кейінге шегерілгенін" хабарлаған болатын.

Бүгін брифингте ол бұрын қазақстандықтардан алынған және күші жойылған салық барлығынан бірдей алынбайтынын түсіндірді.

"Шынында да, қаражаты шешіп алу мүмкіндігі болды (БЖЗҚ-дан – авт. ескертпесі) және бұл қаражатқа салынатын салықты зейнетке шыққан кезде немесе бірден төлеуге болатын еді (салық төлемі – авт. ескертпесі). Бұл норма 2025 жылдан бастап күшіне енетіндіктен, олар салықтан босатылады", - деп түсіндірді ҰЭМ вице-министрі.

Еске салайық, мамыр айының басында Қазақстанда кейбір зейнетақы төлемдері, оның ішінде баспана және емделуге төленетін төлемдер жеке табыс салығынан босатылады деп хабарланған болатын.

БЖЗҚ ресми сайтында хабарланғандай, БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес 10 пайыздық мөлшерлеме бойынша жеке табыс салығы (ЖТС) салынатын кірістерге жатады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2122989-qazaqstandyqtarga-zeinetaqy-ushin-salyq-salynbaidy-aqsha-nege-barine-birdei-qaitarylmaidy/