Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл бизнесті жою саясаты": қаржы министрлігі жаңа Салық кодексіне қатысты сынға жауап берді

Жарияланған күні:

Кәсіпкер
Көрнекі сурет: pixabay.com

ОКҚ брифингінде қаржы министрлігі басшысының орынбасары Ержан Біржанов жаңа Салық кодексіне қатысты сынға жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Жаңа салық кодексі тақырыбында өткен брифингте БАҚ өкілдері шағын және орта бизнес өкілдері арасында Салық кодексінің жаңа жобасына қатысты сын айтылып жүргенін тілге тиек етті.

"Бірі оны ШОБ-қа қарсы жаһандық саясат, бірі "жазалау кітабы" деп атайды. Депутаттардың бірі жаңа кодекс Қазақстанның бизнесін нокдаунға түсіретінін айтты, өйткені арнайы салық режимі үшін шекті 2 млрд теңгеден 500 млн теңгеге дейін төмендету бизнестің қысқаруына әкеледі. Бұған не дейсіз?" деп сауал жолдады бұқаралық ақпарат құралы өкілі.

"Арнайы салық режимдері бойынша бөлшек салық шегін төмендету мәселесін көтеріп жатырмыз. Бұл құн салығын төлемейтін, бөлшек салығы 2,2 млрд теңгеден аспайтындарға қатысты. Біздің салық мөлшерлемесі жеке тұлғалар үшін 4 пайыз және оны өңірлік мәслихаттардың шешімімен төмендетуге болады.

Салық төлеушілердің жеңілдетілген декларация санатына жататындары бар, 1,9 миллион салық төлеуші осы санатқа жатады. Қосылған құн салығы бойынша шектеулер бар, яғни 20 мың АЕК-ден асып кетсе, автоматты түрде қосылған құн салығын төлеуші болады. Салық мөлшерлемесі сәйкесінше 3 пайыз, яғни бұл үлкен жүктеме.

Жаңа кодекс аясында біз салық төлеушілердің көпшілігіне қолайлы жағдай жасауды көздеп отырмыз. Бұл 1,9 миллион адам үшін салық төлеуі тиіс шекті арттырамыз, оларға есеп жүргізудің қажеті жоқ. Яғни, біз салық төлеушілердің 95 пайызы үшін бірқатар жеңілдік жасаймыз", - деді вице-министр Ержан Біржанов.

Оның айтуынша, қазір арнайы салық режимі үшін 2,2 млрд теңге шегін пайдаланатын кәсіпкерлер күніне 5 млн теңгеге дейін табыс табады, осылайша олар жақсы табыс тапса да, олар салық төлемейді.

"Сондықтан біз көптеген салық төлеушілерге жағдай жасайық, бірақ "неге мейрамханалар желісі бар, бүкіл Қазақстан бойынша дүкендері барлар арнайы салық режимі бойынша жұмыс істеуі керек?" деп отырмыз. Олар ірі салық төлеушілер, олар соған сәйкес салық төлеуі керек. 2 млрд теңге табыс тауып және ҚҚС төлемеу – мұндай жеңілдігі бар режим әлемнің бірде-бір елінде жоқ, сондықтан біз қазір бұл тәсілді қайта қарастырып жатырмыз", - деп толықтырды вице-министр.

Біржановтың сөзінше, жаңа Салық көдексіне қырын қарап, сынға алып жатқандардың арасында шетелдерде бірнеше мейрамханасы бар халықаралық деңгейдегі кәсіпкерлерлер бар. Ол қосымша құн салығын төлемейтін арнайы салық жүйесі мұндай ірі кәсіпкерлерге арналмаған, ол шағын, қолдауды қажет ететін кәсіпкерлер бухгалтерлік есеп жүргізбеуі үшін ойластырылған.

"Мұны қалай түсінуге болады? Мұндай кәсіпкерлер ірі халықаралық компания, корпорация ретінде жұмыс істеуі керек. Ал арнайы салық режимі қолдауды қажет ететіндер үшін жасалды, сондықтан ол бухгалтерлік есеп жүргізбейді, олардың процестері қарапайым болды. Ал егер компаниялардың басқа қалаларда, басқа елдерде сауда нүктелері болса, олар дұрыс есеп жүргізіп, қоғамдық режимде жұмыс істеуі керек", - деп толықтырды ол.

Естеріңізге сала кетейік, 21 маусымда Қазақстанның жаңа Салық кодексінің жобасы жарияланды. Қазақстандағы шағын бизнеске арналған жаңа салық режимдері туралы да хабарланды. Қазақстанда жаңа Салық кодексін әзірлеу туралы мемлекет басшысы 2022 жылдың қыркүйек айының басында халыққа жолдауында мәлімдеді.

Кейінірек кодекстегі өзгерістер тек бизнеске ғана емес, қарапайым азаматтарға да әсер ететіні туралы хабарланды. Олар үшін кейбір мемлекеттік баждар алынып тасталады және сараланады. Сондай-ақ салық салынбайтын кірістер тізімі кеңейеді. Сонымен қатар жаңа кодексте сән-салтанат салығы болады деп болжанып отыр. 2023 жылдың қыркүйегінде экономика вице-министрі Азамат Амрин ҚҚС-ты 12-ден 16 пайызға дейін ұлғайту мәселесін талқылау туралы мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2123082-bul-biznesti-zhoiu-saiasaty-qarzhy-ministrligi-zhanga-salyq-kodeksine-qatysty-synga-zhauap-berdi/