Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ миллионерлері Байденнің байларға салықты арттыру жоспарын қолдады

Жарияланған күні:

Джо Байден
Джо Байден. Фото: Getty images / Kevin Dietsch

АҚШ миллионерлері президент Байденнің ірі байларға қосымша салық енгізу жоспарын қолдауға дайын екендіктерін білдірді. Бұл туралы Financial Times басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Активтері 1 миллион доллардан асатын америкалықтардың арасында YouGov сауалнамасы өткізілген болатын. Респонденттердің көпшілігі Джо Байденнің сайлау науқанында айтылған прогрессивті салық стратегиясын қолдайтынын көрсетті.

800 респонденттің 60 пайызға жуығы активтері 100 миллион доллардан асатын адамдар үшін шекті табыс салығының мөлшерлемесін көтеруді қолдайтындарын айтты. Жаңа салық мөлшерлемелері қазіргі 37 пайыз максималды мөлшерлемеден жоғары болады деп күтілуде.

АҚШ-тағы теңсіздік деңгейінің өсуін зерттейтін "Патриот миллионерлер" ұйымының тапсырысы бойынша жүргізілген сауалнама респонденттердің 60 пайыздан астамы экономикалық теңсіздік американдық демократияға қауіп төндіреді деп есептейтінін көрсетті. Респонденттердің 91 пайызы байлықтың бір ғана адамдардың қолында болуы аса бай азаматтарға елде болып жатқан оқиғаларға саяси ықпал етуге мүмкіндік береді деген пікірмен келіскен.

"АҚШ-тағы миллионерлердің көпшілігі теңсіздік елімізді тұрақсыздандырып жатқанын түсінеді. Сондықтан шынымен де кеш болмай тұрып бірдеңе жасауымыз керек", - дейді "Патриот миллионерлер" ұйымының төрағасы Моррис Перл.

АҚШ-тың қазіргі президенті және 2024 жылғы сайлауға Демократиялық партиядан үміткер Джо Байден америкалық миллиардерлер табысынан ең минималды 25 пайыз салық төлеуі керек екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2123253-aqsh-millionerleri-baidenning-bailarga-salyqty-arttyru-zhosparyn-qoldady/