Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ауаны ластайтыны үшін": Әлемде алғаш рет фермерлерге қосымша салық салынады

Жарияланған күні:

Ферма
Ферма. Көрнекі сурет: pixabay.com

Дания билігі 2030 жылға қарай климаттық мақсатқа жету үшін ауыл шаруашылығында шығарылатын көмірқышқыл газына қосымша салық енгізбек, деп хабарлайды Bloomberg агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Дания фермерлері шығарылатын СО2 тоннасы үшін 300 крон (43 АҚШ доллары) салық төлейді. Үкіметтің айтуынша, жаңа салық 2030 жылдан бастап күшіне енеді. Бес жылдан кейін, 2035 жылдан бастап, салық бір тоннасына 750 кронға дейін көтеріледі, ал фермерлер жоғары салық шегерімдерін алады.

Дания көміртегі шығарындысына қосымша салық енгізген әлемдегі алғашқы елдердің бірі болмақ. Бұған дейін Жаңа Зеландия да осындай салық енгізетінін мәлімдеп, скандинавиялық елді осындай шаралар қабылдауға шабыт берді. Олар 2030 жылдан кешіктірмей шаруаларға қосымша салық енгізуді жоспарлап отыр.

Алдын ала болжам бойынша, Данияның жоспары 2030 жылы СО2 шығарындыларын 1,8 миллион тоннаға қысқартуға көмектеседі, бұл елге шығарындыларды 70 пайызға қысқарту мақсатына жетуге мүмкіндік береді. Салықтан бөлек, мемлекет фермерлерге субсидиялар енгізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2123559-auany-lastaityny-ushin-alemde-algash-ret-fermerlerge-qosymsha-salyq-salynady/