Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еңбек министрлігі 2029 жылға қарай 1,7 млн қазақстандықтың жалақысын көтеруге уәде берді

Жарияланған күні:

Ноутбук алдында отырған әйел
Ноутбук алдында отырған әйел. Фото: pixabay.com

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мансап орталықтары қызметкерлерінің табысын арттыру жоспары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мақсатында мансап орталықтарында мамандарға еңбекақы төлеудің жұмысқа орналастыру нәтижелеріне қарай жаңа жүйесін енгізу тәсілдері әзірленді. Ұсынылып отырған еңбекақыны есептеу әдістемесі жұмыс нәтижесіне сәйкес әзірленген, яғни азаматтарды жұмысқа орналастыруға бағытталған мансап орталықтары қызметкерлерінің біліміне, дағдысына байланысты "кейс-менеджмент" принципін енгізе отырып жасалады.

Пилоттық жобаны жүзеге асыру үшін бір-біріне ұқсамайтын үш аймақ таңдалды: Түркістан, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстары", - деді Светлана Жақыпова Үкімет отырысында.

Ол жоғарыда аталған бағыттардағы жұмыс елімізде сапалы жұмыс орындарының санын арттырып, жұмыспен қамту құрылымын жақсартуға мүмкіндік беретінін баса айтты.

"2029 жылға қарай экономика 3,8 миллион сапалы жұмыс орнын (жұмыспен қамтудың жалпы құрылымының 45 пайызы) қамтамасыз етеді деп болжануда. Бұл 1,7 миллион азаматтың табысын орташа жалақыдан жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік береді", - деп қосты министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2123583-engbek-ministrligi-2029-zhylga-qarai-1-7-mln-qazaqstandyqtyng-zhalaqysyn-koteruge-uade-berdi/