Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"500 мыңнан кем емес жалақы мен ыңғайлы жұмыс кестесі": министр жас мамандар қандай талап қоятынын айтты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Компьютер алдында отырған әйел
Компьютер алдында отырған әйел. Көрнекі фото: Freepik

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бүгін министрлер кабинетінің кулуарында жастар жұмысқа орналасу үшін қандай талаптар қоятынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Светлана Жақыпованың сөзіне сенсек, бүгінгі таңда 352 мың адам жұмыссыз ретінде тіркелген. Оның айтуынша, электрондық еңбек биржасында бос жұмыс орындары көп. Онда ұсынылатын орташа жалақы мөлшері орта есеппен 250 мың теңге.

"Мен Павлодар облысындағы зауытта болған едім. Ол жерде жұмысшылардың жасы 50 шамасында және одан жоғары. Басшылардың айтуынша, олар жастарды жұмысқа алуды сұрайды, жас жұмыс күші жетіспейді. Алайда жастар қазір зауыттарда жұмыс істегісі келмейді. Олардың талабы бойынша жалақы мөлшері 500 мың теңгеден төмен болмауы керек әрі және ыңғайлы жұмыс кестесін қалайды", - деді министр.

Айта кетейік, Ұлттық статистика бюросының сайтында жарияланған 2024 жылдың бірінші тоқсанындағы мәліметке сәйкес, 15 пен 34 жас аралығындағы қазақстандық жастар арасында жұмыссыздық деңгейі 3,1 пайызға жеткен. Осы орайда жұмыс істемейтін немесе білім алып я кәсіптік даярлаудан өтпей жүрген NEET жастарының саны – 7 пайыз.

Сондай-ақ былтыр сәуірде Қазақстандағы NEET жастар буынына белсенді түрде жұмысқа орналасуға көмектесуге бағытталған іс-шаралар жүргізілетіні әрі өзге де қолдау түрлері көрсетілетіні хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2123808-500-myngnan-kem-emes-zhalaqy-men-ynggaily-zhumys-kestesi-ministr-zhas-mamandar-qandai-talap-qoiatynyn-aitty/