Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда биометриясыз онлайн несие беруге тыйым салынды

Жарияланған күні:

Биометрия
Биометрия. Көрнекі фото: freepik.com

Қазақстанда онлайн режимінде несие рәсімдеу кезінде міндетті биометриялық тексеруден өту талабы енгізілді. Осылайша азаматтар алаяқтардан қорғалмақ. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.

Қазақстан тұрғындары енді жалған несиелерден қорғалады. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қаулысына сәйкес, қазір интернет арқылы берілетін барлық несиелік келісімдерді қарыз алушыны биометриялық тексеруден өткізбей жасауға болмайды.

Ережеге сәйкес, тексеру процесі жалған деректерден қорғалады. Бұл басқа біреудің фото немесе бейнежазбасын пайдаланып, несие ала алмайтыныңызды білдіреді. Статикалық кескіндер қабылданбайды және тексеру кезінде адам ерекше қозғалыстар жасауы қажет болады.

Несие алуға өтініш берген кезде банк клиент туралы ақпаратты сақтауға, сондай-ақ оған несие туралы барлық ақпаратты, соның ішінде мерзімін, сомасын, мөлшерлемесін, комиссияны және тәуекелдерді ұсынуы керек.

Бұл ретте егер банк клиенттің жеке деректерін заңсыз пайдаланғаны туралы ақпарат алған жағдайда, қосымша қауіпсіздік шараларын енгізуге тура келеді, оның ішінде:

  • биометриялық тексеруден қайта өту;
  • клиент туралы ақпаратты салыстыру: ЖСН, карта нөмірі және телефон нөмірін;
  • ақпараттың тарап кетпегенін анықтау үшін клиентке қоңырау шалып, тексеру.

Биометриялық тексеру талабы банктік қарыз сомасы шегінде төлемдерді жүзеге асыру немесе ақша аудару үшін төлем картасын пайдалануды көздейтін банктік қарыз шартын жасау (Интернет желісі арқылы) жағдайларына қолданылмайтынын ескерген жөн. Яғни, мұндай тексерістер несие карталарына әсер етпейді.

Қаулы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінің интернет-ресурсында 28 маусымда электронды түрде жарияланды және он күннен кейін күшіне енеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2125725-qazaqstanda-biometriiasyz-onlain-nesie-beruge-tyiym-salyndy/