Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана халықаралық қаржы орталығы Павел Дуровтың Toncoin криптовалютасын ресми түрде мақұлдады

Жарияланған күні:

Павел Дуров
Павел Дуров. Фото: instagram.com/durov

Астана халықаралық қаржы орталығы Toncoin цифрлық активін AFSA лицензиясы бар платформаларда сауда жасауға мақұлдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі АХҚО сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметіне сүйенсек, АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті AFSA лицензиясы бар платформаларда сауда жасау үшін Toncoin-ді (Telegram Open Network (TON) блокчейніндегі цифрлық актив) мақұлдаған.

"AFSA кешенді тексеру нәтижелері бойынша шешім қабылдаған. Оның барысында Toncoin AFSA белгілеген нормативтік стандарттарға сәйкес келетіні анықталған. Енді инвесторлар сенімді реттеуші базаны және АХҚО белгілеген инвесторларды қорғау шараларын пайдалана отырып, AFSA лицензияланған платформаларда Toncoin арқылы сауда жасай алады", - деп жазылған АХҚО орталығының хабарламасында.

Toncoin-ді АХҚО-ның реттелетін ортасына қосу қауіпсіз. Ол ашық сауда нұсқаларын іздейтін институционалдық және бөлшек инвесторлардың жаңа толқынын тартады деп күтіліп отыр.

Айта кетейік, АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес "Астана" халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2125866-astana-halyqaralyq-qarzhy-ortalygy-pavel-durovtyng-toncoin-kriptovaliutasyn-resmi-turde-maquldady/