Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АМӨЗ үлесі қытайлық компанияға сатыла ма: "ҚазМұнайГаз" мәлімдемесі

Жарияланған күні:

АМӨЗ
АМӨЗ. Фото: Атырау мұнай өңдеу зауытының баспасөз қызметі

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы Атырау мұнай өңдеу зауытының үлесі сатылуы мүмкін деген қауесетке байланысты түсініктеме берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ҚМГ-ға сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Бұған дейін желіде әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі – қытайлық Sinopec АМӨЗ-дегі 50 пайыздық үлесті сатып алуы мүмкіндігі туралы ақпарат пайда болған еді.

АМӨЗ сайтындағы мәлімет бойынша осы зауытқа иелік ететін "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ өкілдері бұл қауесетті жоққа шығарды.

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Атырау мұнай өңдеу зауытындағы 50 пайыз қатысу үлесін Sinopec компаниясына (ҚХР) сату туралы ақпаратты растамайды. 2024 жылы 12 маусымда Sinopec компаниясының (ҚХР) мамандар делегациясы Атырау мұнай өңдеу зауытына жұмыс сапарымен келіп, зауыттың операциялық тиімділігін арттыру мәселелері бойынша тәжірибе мен ұсыныстар алмасты. Бұдан бұрын Sinopec компаниясы Атырау мұнай өңдеу зауытының Ароматикалық көмірсутек өндіретін кешенді (2010-2016 жж.) және Мұнайды терең өңдеу кешенін (2010-2016 жж.) жүзеге асыруға қатысқан болатын. ҚМГ-ның қатысу үлесін сату мүмкіндігі талқыланған жоқ.

Сондай-ақ ҚМГ Sinopec компаниясының тарапынан Атырау мұнай өңдеу зауытындағы қатысу үлесін сату және оның құны бойынша қандай да бір ұсыныс келіп түскенін және алғанын растамайды", - делінген хабарда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2126106-amoz-ulesi-qytailyq-kompaniiaga-satyla-ma-qazmunaigaz-malimdemesi/