Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теңге бағамы неліктен төмендеді: қазақстандық сарапшылар бірнеше себебін атады

Жарияланған күні:

Теңге мен доллар
Теңге мен доллар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Маусым айының соңында теңге бірден 5,5 пайызға төмендеді. Сарапшылар бұл төмендеудің бір себебін Ұлттық қордан доллар сату көлемінің күрт төмендеуі деп есептейді. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.

Биыл маусымның соңында қазақстандық валюта бір айда 5,5 пайызға әлсіреп, доллар бағамы 471,46 теңге болды. Айта кетейік, құлдырау әлі де жалғасуда – 2 шілдедегі жағдай бойынша америкалық валютаның бағамы 475,18 теңгеге дейін көтерілді.

Halyk Finance сарапшылары маусым айында теңгенің әлсіреуі болжанғанын және оған Ұлттық қордан шетел валютасын сату көлемінің екі есе азаюы әсер етті деп есептейді: мамырда валюта биржасында 800 миллион доллар сатылды, ал маусымда бар болғаны 420 млн.

"Маусым айында теңге бағамына әсер ететін барлық басқа үлкен факторлар (мұнай бағасы, төлем балансы және басқалары) іс жүзінде өзгеріссіз қалды, ал Ресейде рубль мен доллар бағамы тіпті нығайды.

Осылайша, маусым айында теңгенің күрт әлсіреуінің бірден-бір себебі валюта биржасында Ұлттық қордан доллар сатудың екі есе төмендеуі болды, бұл теңгенің әлсіреуі бойынша нарық болжамдарына да әсер етті", - дейді сарапшылар.

Сондай-ақ шілдеде Ұлттық қордан валюта сатуды 450-550 млн долларға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Яғни Ұлттық Банктің биржада валютаны сатуының таза сомасы да шамамен 100 млн долларға артады.

Осыған байланысты, нарықтарда басқа да үлкен өзгерістер болмаса, шілдеде теңге бағамы бір доллар үшін 465-475 теңге аралығында болады деп болжануда.

Сарапшылар сондай-ақ Ұлттық қордан ақшаны пайдалану жоспар бойынша қатаң жүргізілуі тиіс екенін атап өтті: валютаны сату және сатып алу кестесі валюта нарығының қатысушыларына және бүкіл жұртшылыққа белгілі болуы тиіс, ал Ұлттық банк бұл кестені нарықтың бейтараптық қағидаттарына сәйкес орындауы қажет.

Мұндай тактика теңге бағамын және жалпы экономиканы тұрақтандыруға мүмкіндік береді, ал бұл ұлттық валютаға сенімнің артуына әкеледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2127651-tengge-bagamy-nelikten-tomendedi-qazaqstandyq-sarapshylar-birneshe-sebebin-atady/