Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда қайталама нарықтағы тұрғын үй бағасы қанша

Жарияланған күні:

Астанадағы тұрғын үй құрылысының жұмыстары
Астанадағы тұрғын үй құрылысы. Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Жыл басынан бері Қазақстанның 10 қаласында қайталама нарықтағы пәтер құны арзандады. Орташа баға 7 миллионнан 42,5 миллион теңгеге дейінгі аралықта ауытқиды. Ең қымбат баспана қай қалада сатылып жатқанын KAZ.NUR.KZ материалын оқыңыздар.

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанның 10 қаласында қайталама нарықтағы баспана арзандады. Бағаның ең көп төмендеуі Қызылорда (минус 3 пайыз), Семей (минус 1,9 пайыз), Шымкент және Қарағандыда (минус 1,7 пайыз) болды. Ал 6 қалада қайталама нарықтағы пәтерлер, керісінше, жыл басынан бері қымбаттады. Бірақ Астанада баға өзгеріссіз қалды.

Мәселен, "Крыша" порталы анықтағандай, қазіргі уақытта елдің қайталама нарығындағы тұрғын үйдің орташа құны келесідей: Қызылордада 1 бөлмелі пәтер үшін 7 млн теңгеден басталып, Алматыдағы 3 бөлмелі пәтер үшін 42,5 млн теңгеге дейін ауытқиды.

Жалпы алғанда, Алматыда тұрғын үй бағасы өте жоғары. Мұнда 1 бөлмелі пәтер орташа есеппен 23 миллион теңге, ал 2 бөлмелі пәтер 35 миллион теңге тұрады. Салыстыру үшін алсақ: еліміздің кейбір қалаларында 3 бөлмелі пәтер Алматыдағы бір бөлмелі пәтерден арзан. Мысалы, Тараз, Көкшетау, Қызылорда, Талдықорған және Түркістан қалаларында.

Астанада 1 бөлмелі пәтердің орташа құны – 18 млн теңге, 2 бөлмелі пәтер – 26,5 млн теңге, 3 бөлмелі пәтер – 38 млн теңге. Шымкентте баға сәйкесінше 15 млн теңге, 22 млн теңге және 28 млн теңге болып белгіленді.

Қазақстан қалаларындағы тұрғын үйдің орташа бағасы
Қазақстан қалаларындағы тұрғын үйдің орташа бағасы. Дереккөз: krisha.kz

Еске сала кетейік, бұған дейін сарапшылар Қазақстандағы тұрғын үй нарығында төмендеу белгілері байқалып жатқанын айтады. Оған тіпті көктемде іске қосылған жаңа жеңілдігі бар бағдарламалар мен ипотекаға сұраныс та әсер етпеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2129577-qazaqstanda-qaitalama-naryqtagy-turgyn-ui-bagasy-qansha/