Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда доллар арзандады

Жарияланған күні:

Теңге және доллар
Теңге және доллар: KAZ.NUR.KZ / Владимир Третьяков

Бүгін, 10 шілдеде, Қазақстан қор биржасындағы күнделікті сауданың қорытындысы бойынша доллар бағамы 2,5 теңгеге жуық төмендеді деп хабарлайды KASE-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Дәл қазір Қазақстанда бір АҚШ долларының құны 478,48 теңге. Алдыңғы саудадан бері америкалық валюта 2,21 теңгеге арзандады.

NUR.KZ сайтындағы айырбас бағамының мәліметіне сүйенсек, Қазақстандағы екінші деңгейлі банктер долларды келесі бағамен саудалайды:

Алматыда: сатып алу – 475-478 теңге, сату – 480-480,5 теңге;

Астанада: сатып алу – 475-476,5 теңге, сату – 480-480,5 теңге.

Ал қазақстандық айырбастау пункттерінде, Kurs.kz мәліметінше, долларды келесі бағамен сатып алуға және сатуға болады:

Алматыда: сатып алу – 477,9-478,5 теңге, сату – 479-480,1 теңге;

Астанада: сатып алу – 477 теңге, сату – 482 теңге.

Осы ретте, соңғы бір айда доллар бағамы айтарлықтай өскенін еске сала кетейік.

Мәселен, маусымның ортасында бір доллар 451 теңге болды. Соған қарамастан сарапшылар қазір Қазақстанда теңгенің одан әрі құлдырауы болмайды деп есептейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2131839-qazaqstanda-dollar-arzandady/